Президент • 24 Қаңтар, 2020

Президент: 2019 жылы экономикалық өсім 4,5 пайыз болды

322 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысында айтты.  


Президент: 2019 жылы экономикалық өсім 4,5 пайыз болды

«Бүгін Үкіметтің кезекті кеңейтілген отырысына жиналып отырмыз. Күн тәртібінде бірқатар өзекті мәселе бар. Алдымен өткен жылдың әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелерін қарастырамыз. Жалпы, былтыр жақсы көрсеткіштерге қол жеткіздік – экономикалық өсім 4,5 пайыз болды. Экономиканың негізгі салаларында өсу қарқыны байқалды» деді Қ.Тоқаев.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысы басталғанын хабарлаған болатынбыз