Үкімет • 24 Қаңтар, 2020

Асқар Мамин экономиканың қозғаушы күші болып отырған салаларды атады

179 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысында  Премьер-Министр Асқар Мамин Қазақстан экономикалық өсімнің қозғаушы күші болып отырған салаларды атады.



Асқар Мамин экономиканың қозғаушы күші болып отырған салаларды атады

«Ел экономикасы тұрақты даму жолында. 2019 жылы жалпы ішкі өнімнің өсімі 4,5 пайызды құрады. Оның 85 пайыз шикізаттық емес салалар есебінен қамтамасыз етілді. Экономикалық өсімнің қозғаушы күштері – құрылыс, сауда, көлік салалары болды. Өңдеу өнеркәсібіндегі өсім 4,4 пайызды құрады. Бұған негізінен машина жасау саласы, соның ішінде автокөлік жасау, машиналар мен жабдықтар өндірісі, фармацевтика және жеңіл өнеркәсіп үлес қосты. Тау-кен өнеркәсібі 3,7 пайызға өсті. Бұл көрсеткішке металл кенін өндіру көлемін 16 пайызға арттырудың нәтижесінде қол жеткізілді», деді Асқар Мамин.

Үкімет басшысының айтуынша, негізгі капиталға инвестиция 8,5 пайызға, ал жеке инвестиция 9,5 пайызға өскен.

«Халықтың нақты табысы 5,5 пайызға өсті. 2019 жылы 2,7 млн адамның жалақысы өсті. Оған ең төменгі жалақыны ұлғайту шарасы негіз болып отыр», деді А.Мамин.