Үкімет • 24 Қаңтар, 2020

А.Мамин: Негізгі басымдық - халықтың табысы мен өмір сүру сапасын арттыру

244 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бұл туралы Премьер-министр Президенттің төрағалығымен өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты.  

А.Мамин: Негізгі басымдық - халықтың табысы мен өмір сүру сапасын арттыру

«Үкімет сіздің сайлау алдындағы тұғырнамаңызды іс жүзінде іске асыру мәселесін ерекше бақылауда ұстайды. Осы мақсатта жаңа экономикалық күн тәртібі әзірленді, ол экономиканың сапалы өсуін қамтамасыз ету және халықтың нақты әл-ауқатын арттыру жөніндегі құрылымдық және жүйелі шаралар кешенін қамтиды. Сіз қойған міндеттерді тиімді шешу үшін Үкімет пен әрбір мемлекеттік органда Жобалық кеңселер құрылды. 7 басым бағыт пен 104 шарадан тұратын портфель қалыптасты. Оларды іске асыру бойынша жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Елбасының стратегиялық бастамаларын, сіздің сайлауалды тұғырнамаңыздың негізгі бағыттарын және 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру үшін өткен жылы 8 мемлекеттік бағдарлама әзірленіп, қабылданды»,- деді Үкімет басшысы.

Бұдан өзге Асқар Мамин әлемдік экономиканы дамытудың түрлі сценарийлері кезінде елдің макроэкономикалық, қаржылық және әлеуметтік тұрақтылығын сақтау бойынша шаралар кешенін қамтитын дағдарысқа қарсы жоспар қалыптастырылғанын атап өтті.

Премьер-министр Үкімет жұмысының негізгі басымдығы халықтың нақты табыстары мен өмір сүру сапасын арттыру екенін алға тарта отырып, бұл міндет кешенді түрде шешілетінін айтты.

«2020 жылы бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысы артты. Шағын және шағын бизнес үшін 3 жылға тексеруге мораторий және табыс салығын төлеуден босату енгізілді. 2020 жылы Үкімет инвестицияларды тартуды, өнімділігі жоғары жұмыс орындарын құруды, инфрақұрылымды дамытуды, экспортқа бағдарланған индустрияландыруды, отын-энергетикалық және агроөнеркәсіптік кешендерді, сондай-ақ экономиканы цифрландыруды көздейтін жеті стратегиялық бағыт бойынша жұмысты жалғастырады», деді Асқар Мамин өз сөзінде.