Үкімет • 24 Қаңтар, 2020

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде лифт саласын дамыту мәселелері талқыланды

136 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде ведомство басшысы Бейбіт Атамқұловтың төрағалығымен, Парламент Мәжілісінің депутаты Владислав Косарев және Қазақстан лифтшілерінің ұлттық қауымдастығының президенті Ержан Игибаевтың қатысуымен елімізде лифт саласын дамыту мәселелері бойынша жиын өтті. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде лифт саласын дамыту мәселелері талқыланды

Кеңес барысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңына сәйкес әзірленген лифт саласын дамыту жөнінде «Жол картасы» бекітілді.  

Жаңа заң аясында жергілікті атқарушы органдарға лифтілер мен эскалаторды қауіпсіз пайдалануды мемлекеттік қадағалау құзыреті беріледі. Лифтілерді монтаждау мен оларға қызмет көрсетуге қойылатын бірыңғай талаптарды анықтайтын ұлттық стандарт әзірленді. Және оны міндетті түрде қолдану мақсатында «Азаматтық қорғаныс туралы» заңға тиісті толықтырулар енгізілді.

Сондай-ақ отандық өндірісті дамыту жоспарланып отыр. Бүгінгі таңда республикада лифтілер өндірісімен айналысатын алты кәсіпорын бар. «Жол картасында» көзделген шаралар олардың дамуына серпін беруі тиіс.      

Аталған шаралардың барлығы саладағы қордаланған проблемаларды шешіп, лифт құрылғыларын қауіпсіз пайдалану талаптарын бұзу оқиғаларына жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.  

Бүгінгі таңда республика бойынша 24 мыңнан аса лифт қолданыста болса, олардың 765 жөндеуді, 4 мыңнан астамы ауыстыруды қажет етеді.