Теннис • 24 Қаңтар, 2020

Теннис: Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасынан ұтылды

177 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның бірінші ракеткасы, WTA рейтингінде 26 орында тұрған Елена Рыбакина Мельбурнде өтіп жатқан Аустралияның ашық біріншілігінің үшінші айналымында сүрінді.

Теннис: Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасынан ұтылды

Тұсаукесер кездесуінде Бернарда Перадан басым түскен 20 жастағы жерлесіміз іле-шала бельгиялық Гретье Минненді де еш қиналмай ұтқан еді.

Үшінші кезеңде Рыбакинаның жолы 23 жастағы жергілікті теннисші Эшли Бартимен қиысады. Бұл күндері әлемнің бірінші ракеткасы атанып отырған Аустралияның өкілі биыл Ролан Гарроста топ жарған болатын. Одан бөлек, Аустралияның ашық біріншілігінің ширек финалында өнер көрсетіп, Уимблдон мен АҚШ-тың ашық біріншілігінде төртінші кезеңге дейін жетті. Және де ол WTA турнирлерін 10 рет және ITF додаларын 9 рет ұтқан.

Қос мықтың арасындағы тартыс 6:3, 6:2 есебімен Эшли Бартидің пайдасына шешілді. Бұл бәсеке 1 сағат 19 минутқа созылды.