Президент • 24 Қаңтар, 2020

Президент шетелдік нөмірі бар көліктерге қатысты тапсырма берді

653 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның заңнамасына сай келмейтін шетелдік көліктерді елге кіргізбеуді тапсырды. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысында айтты.  



Президент шетелдік нөмірі бар көліктерге қатысты тапсырма берді

«Көліктердің тіркелуі 2021 жылдың 1 наурызына дейін күшінде болады. Мұндай көліктер техникалық регламенттің талаптарына сай болуы керек. Сондай-ақ тіркеу сомасы мен мемлекеттік бажды төлеуі тиіс. Уақытша тіркеу бір қолдан екінші қолға сатылып барып, жасалмауы тиіс.

2021 жылдың 1 наурызына дейін автокөлік иелері көліктерін тұрақты тәртіпте тіркеп, кедендік баж бен утилизациялық соманы төлеуі тиіс. Болмаса ол көлікті елден шығаруы немесе заңнамамен тыйым салынбайтын басқа да амалмен мәселесін реттеуі қажет. Үкіметке Қазақстанның заңнамасына қайшы келетін көліктерді бұдан ары кіргізбеуді және пайдалануға шектеу қою шараларын қолға алуды тапсырамын» деді Мемлекет басшысы.

Соңғы жаңалықтар