Үкімет • 24 Қаңтар, 2020

О.Оразалин: Ақтөбе облысында әлеуметтік-саяси ахуал тұрақты

271 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың төрағалығымен өткен Қазақстан Республикасының Үкіметінің кеңейтілген отырысында Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин Ақтөбе облысының 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы баяндады.  Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

О.Оразалин: Ақтөбе облысында әлеуметтік-саяси ахуал тұрақты

Оның айтуынша, Ақтөбе облысында әлеуметтік-саяси ахуал тұрақты. Өткен жылдың қорытындысы бойынша жалпы әлеуметтік-экономикалық дамуының барлық көрсеткіштерінде оң динамика қамтамасыз етіліп, өңір экономикасының өсімі 5% құрады. Инфляция деңгейі 105,2% құрады. Шоғырландырылған бюджетке түсетін түсімдердің рекордтық деңгейі белгіленді – 547 млрд теңге. Өсім - 2,4%. 

Өңір әкімі атап өткендей, «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын сақтау мемлекеттік бағдарламаларды іске асырудың негізгі қағидаты болды.  Халықпен кездесулер, азаматтардың өтініштерімен тұрақты жұмыс, әлеуметтік желілер мониторингі Ақтөбе облысының тұрғындарын толғандыратын негізгі мәселелерді анықтады.

«Жаңа әлеуметтік және экономикалық сын-тегеруіндерді ескере отырып, біз өңірде өңірдің қазіргі жағдайларға қарай өзгеруі және бейімделуі жобасын іске асыра бастау туралы шешім қабылдадық. Ол экономиканың өсуі мен азаматтардың қанағаттануын арттыруға, инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобаларды іске асыруда прагматикалық жобалық тәсілді қолдануға бағытталған өңірдегі мемлекеттік басқару сапасының тәсілдерін өзгертуді қарастырады» деді өңір әкімі. 

Облыста трансформация үшін азаматтық қоғам, мемлекеттік сектор, ірі, орта және шағын бизнес, даму институттарының өкілдері, сондай-ақ президенттік жастар кадрлық резервіндегі жастар тартылды. 

Облыс еліміздегі аса маңызды стратегиялық тораптың бірі. Өткен жылы 350 шақырымға жуық автожол жөнделді (оның ішінде  285 шақырым жол - облыстық және жергілікті маңызы бар жолдар). Биыл 500 шақырымға жуқы жолды жөндеу жоспарланған, оған 23 млрд теңге бөлінді (2019 ж. – 19,7 млрд теңге).

Ақтөбе халықаралық әуежайына ерекше көңіл бөлінеді, Ақтөбе аголмерациясын дамытуда оның маңызы зор. Облыс үшін маңызды мәселелердің бірі - өңірдің көлік-логистикалық әлеуетін арттыру үшін 3 халықаралық өткізу пунктін ашу. 

Әкімнің айтуынша, туу көрсеткішіні жоғарылығы, тұрғындардың динамикалы ағымы, экономика қарқынының өсуі бүгінгі таңда тұрғындар арасында тұрғын үйге көп сұраныс тудырып отыр. Тұрғын үй алу және сатып алу кезегінде 30 мың адам тұр, ал Ақтөбе қаласының маңында 150 мың азамат жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер телімдеріне мұқтаж.

«Біз 1 млн м2 (112,4%) тұрғын үйді пайдалануға бердік. Биыл біз тұрғындардың әлеуметтік әлжуаз топтарына тұрғын үй көмегін көрсетуге басымдық беруді көздейміз. Ақтөбе агломерациясын одан әрі дамыту мәселесі жергілікті атқарушы органдардың ерекше бақылауына алынған. Биыл біз газбен және сумен қамтамасыз ету үшін агломерацияның елді мекендеріне инженерлік-коммуникациялық желілерді жүргізуге басымдық береміз», — деді өңір әкімі.

О. Оразалин атап өткендей, инвестициялық ахуалды жақсарту және инвестициялар тарту алдағы уақытқа негізгі міндеттер болып табылады. Бүгінде Ақтөбе облысында жалпы өңірлік өнімге инвестициялар салу көлемі 20% құрайды. Қазір «Евразия» АЭА мен «GOSB» түрік инвесторымен бірлесіп Индустриялық парк құрылуда, бұл қосымша 500 млрд теңге қаржы тартып, кемінде 15 мың жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.

«Инвестиция тарту кезінде біз тағы бір маңызды мақсатқа қол жеткізгіміз келеді, ол - шетелдік инвесторлар үшін қолайлы имидж қалыптастыру. Бұл бизнес жүргізу мен әлеуметтік жауапкершілігінің жоғары стандарттарына ие шетелдік инвесторларды тарту арқылы қамтамасыз етілетін болады»,—  деді ол.

Сонымен қатар өңірлік ғылымды дамытуға және экономиканың инновациялы деңгейін арттыруға жоғары көңіл бөлінуде. Облыстағы ірі кәсіпорындар ҒЗТКЖ жылына 5 млрд теңге қаржы бөледі. 

Бұдан өзге, өңірдің алдында 2025 жылға дейін ірі және ұсақ қара мал басын 3 есе арттыру міндеті тұр.

«Осы міндеттерді шешу үшін мал азығы базасын үдемелі қарқында арттыру қажет болады. Сондықтан суармалы жерлер көлемін 3,5 есе немесе 100 мың га дейін көбейтуді жоспарлап отырмыз, бұл өнімділікті едәуір арттырады», — деп түйіндеді өңір әкімі.