Үкімет • 24 Қаңтар, 2020

2019 жылы 136 мың отбасы мұқтаждық деңгейінен шығарылды — Б.Сапарбаев

40 реткөрсетілді

Президент Қ. Тоқаевтың қатысуымен өткен Қазақстан Республикасының Үкіметінің кеңейтілген отырысында Премьер-Министрдің орынбасары Б.Сапарбаев Мемлекет басшысының әлеуметтік саладағы тапсырмаларын іске асыру барысы және 2020 жылға арналған басымдықты міндеттер туралы баяндады. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Б. Сапарбаев атап өткендей, Президенттің тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту бойынша тапсырмасын орындау мақсатында 2019 жылы 2,7 млн қазақстандықтың жалақысы көтерілді. Жаңа жылдан бастап 770 мың мұғалім, дәрігер, әлеуметтік сала, мәдениет, өнер, спорт және мұрағат қызметкерлерінің жалақысы 30%-ға ұлғайтылатын болады. Зейнетақы және жәрдемақы көлемі орта есеппен 7-20% көтерілді. Осы мақсатта бөлінген қаражат өткен жылмен салыстырғанда 300 млрд теңгеге арттырылып, 3,3 трлн теңгені құрады. 555 мың адамның борыш жүктемесі азайтылды, 1,2 млн адамның айыппұлы мен өсімпұлы кешірілді. Бұл мақсатқа бюджеттен 149 млрд теңге бөлінді. 

315 мың отбасы атаулы әлеуметтік көмек алды. Нәтижесінде 136 мың отбасы мұқтаждық жағдайынан шығарылды, 150 мың отбасы өздерінің жеке қосалқы шаруашылығын дамытты, 94 мың адам жұмыспен қамту шараларымен қамтылды, 8,5 мың адам өз бизнесін ашты. 

Сонымен қатар 2,2 млн адам әкімдіктер мен демеушілердің есебінен 80 млрд теңге көлемінде қосымша қолдауға ие болды. 

Жұмыспен қамту: жұмыссыздық деңгейі 0,1%-ға төмендеді

Мемлекет басшысы қойған міндеттердің бірі — тұрғындарды жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, оның ішінде аз қамтылған және көпбалалы отбасыларды кәсіпкерлікке тарту, оларға үйде жұмыс істеуге мүмкіндік беру. Өткен жылы «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының шараларымен 660 мың адам қамтылды. Соның нәтижесінде 24 мың жаңа жұмыс орны ашылды, оның ішінде 65% — тұрақты. 58 мың адам шағын несие мен грант алды. Халыққа қолайлы болу үшін 83 мобильді жұмыспен қамту орталығы, 54 жекеменшік жұмыспен қамту орталығы тартылды. Осының нәтижесінде жұмыссыздық деңгейі 2018 жылмен салыстырғанда 0,1%-ға төмендеді.

Сонымен қатар жұмыс орындарын құру картасының ақпараттық жүйесі енгізілді. Еңбек нарығының сұраныстарына сай мамандарды даярлау үшін кәсіптік стандарттар бекітілді. Кәсіпкерлікке кемінде 11 мың отбасыны тарту мақсатында, несие мөлшерлемесі 6%-дан 4%-ға төмендетілді, несиелендіру мерзімі 5 жылдан 7 жылға дейін төмендеді. Оқытусыз грант алу мүмкіндігі ұсынылды. Енді кәсіптік оқыту тек жұмыс берушінің өтінімі бойынша жүзеге асырылады.

«Жаһандық өзгерістерге сәйкес, біз 2025 жылға дейінгі еңбек нарығын дамыту болжамын және жаңа кәсіптер атласын әзірлеп жатырмыз. Электронды еңбек нарығын, электронды еңбек шартын дамыту жалғасады. Тұрғындарға ыңғайлы болу үшін, әлеуметтік еңбек саласындағы барлық мемлекеттік қолдау шараларын біз бірыңғай әлеуметтік еңбек бағдарламасына біріктіруді ұсынамыз» деді Б. Сапарбаев.

Әлеуметтік көмектің жаңа тетігі: 200 мың отбасыға АӘК төленеді

Мемлекет басшысының тапсырмасына орай, 2020 жылдан бастап көпбалалы және аз қамтлыған отбасыларға әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тетігі енгізілді. 1 қаңтардан бастап 372 мың отбасына 17 млрд теңге көлемінде мемлекеттік жәрдемақы төленді. АӘЕ кемінде 200 отбасыға төленеді деп жоспарланған. Егер отбасында еңбекке қабілетті адамдар болса және олар ұсынылған жұмыстан бас тартатын болса, ондай отбасыларға АӘК төленбейді. Сонымен қатар осы айдан бастап аз қамтылған отбасылардың балалары үшін әлеуметтік кепілдендірілген пакет беріледі. Алдын-ала мәліметтер бойынша, мұндай көмекпен 200 отбасы немесе 600 мың бала қамтылады.

«2020 жылы біздің басты міндетіміз – аз қамтылған отбасылардан кемінде 800 мың балаға қолдау шараларын көрсету. Бұл мақсаттағы шығындар өткен жылмен салыстырғанда 23%-ға арттырылады. Егер 2019 жылы 1 балаға 20 мың теңге төленген болса, онда биыл бұл сома 26 мың теңгеге дейін көбейтіледі» деді Премьер-Министрдің орынбасары.

2020 жылы кемінде 11 мың отбасының тұрғын үй жағдайын жақсарту жоспарланған. Оның ішінде кемінде 2 мың пәтер демеушілер есебінен сатып алынады. Бүгінде 8 мың пәтер берілген. 

Бұдан өзге, 350-ге жуық еңбекке қабілетті отбасы жұмыспен қамту шараларымен қамтылады. 

 

Денсаулық сақтау: тұрғындардың шығыны екі есе азаяды

Президенттің тағы бір тапсырмасы – медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту жақсарту аясында халық денсаулығы туралы Кодекс әзірленді, ол қазір Парламент қарауында. Дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету толық автоматтандырылды. 1439 call-орталығы жұмыс істейді. Үкімет 2020-2025 жылдарға арналған Денсаулық сақтауды дамытудың мемлектетік бағдарламасын мақұлдады. Денсаулық сақтау саласына бөлінетін қаражат ЖІӨ-ге шаққанда 3,2%-дан 5%-ға дейін арттырылады. 

«Бағдарламаның басты міндеті – қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығын 73-тен 75 жасқа дейін арттыру, техникамен қамтамасыз етуді 73%-дан 100%-ға дейін жеткізу, денсаулық сақтау саласына тартылған инвестициялар көлемін 1,3 трлн теңгеге дейін жеткізу», — деді вице-премьер. 

2020 жылдың 1 қаңтарында МӘМС жүйесі іске қосылды. 15 жеңілдікті санаттағы азаматтарға немесе 10 млн қазақстандық үшін жарналарды қаржыландыру үшін бюджеттен 317 млрд теңге бөлінеді. Медициналық сақтандыру қорында 252 млрд теңге жинақталған. Осы іс-шаралардың қорытындысы бойынша жалпы шығындар 50%-ға ұлғайтылатын болады. Дәрілік заттармен қамтамасыз етілетін балалар саны 600 мыңнан 3,5 млн-ға дейін арттырылады. Қазіргі таңда тегін дәрі-дәрмекпен бес жасқа дейінгі балалар қамтылады. Қабылданған шаралардан кейін балалардың жасы 18 жасқа дейін артады. Халықтың шығындары екі есеге төмендейді. Диагностикалық көмекті бес есе арттыру жоспарлануда. КТ және МРТ қызметтері кем дегенде екі есеге артады.

«Өткен жылы біз Қарағанды облысында үлкен пилоттық жобаны жүзеге асырдық. Нәтижелері жақсы. Бұл жұмысты одан әрі жалғастырамыз», — деді Б. Сапарбаев. 

Елбасы қорымен бірлесіп «Қамқорлық» жобасы жүзеге асырылып жатыр. Осы жоба аясында 17 оңалту орталығы салынады.

 

Білім беру: ауылдық елді мекендердің 300 мың баласына қолдау көрсетіледі

Тамыз конференциясында және Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Мемлекет басшысы білім беру сапасын арттыруға ерекше назар аударды. Аталған тапсырмаларды орындау мақсатында 2019 жылы балаларды балабақшалармен қамту 98%-ға дейін ұлғайды, оқу бағдарламалары 95%-ға дейін жаңартылды. Жетім балалардың 81%-ы отбасында тәрбиеленуде. 1 қаңтардан бастап 246 мың студенттің стипендиясы 25%-ға өсті. Бүгінгі таңда студенттердің 50%-ы жаңартылған шәкіртақы алуда.

Сондай-ақ 2019 жылы Педагог мәртебесі туралы заң қабылданды. Білім беруді дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. Соның нәтижесінде аталған салаға бөлінетін қаражат мөлшері ЖІӨ-ге 3,8%-дан 7%-ға дейін артады.

2020 жылға арналған міндеттер: 

  • 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі біліммен 100% қамту;

  • Бағдарламаларды 100% жаңарту, 110-нан астам мектеп салу (2025 жылға дейін – 800 мектеп);

  • қала мен ауыл арасындағы алшақтықты азайту үшін НЗМ тәжірибесін тарату;

  • кәсіптік стандарттар негізінде колледждер мен ЖОО-лар бағдарламаларын жаңарту.

Елбасы қорымен бірлесіп «Ел үміті» жобасы жүзеге асырылуда, оның аясында «Дарын» орталықтарын ашу арқылы ауылдық жерлердегі 300 мың балаға қолдау көрсетіледі.

Бұдан өзге, балалардың қауіпсіздігін, құқықтарын, оларды зорлық-зомбылықтан қорғауды қамтамасыз ету үшін Әл-ауқат индексі енгізілді. Жоғары оқу орындарының бәсекелестігін дамыту үшін Үкіметтің жұмыс тобы құрылды. Қазіргі уақытта үш университет жабылды. Алты университеттің ісі сотта қаралып жатыр. Жеті университет бойынша жұмыстар жалғасуда.

 

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет»: Үкіметтік топ 17 өңірде және 550 елді мекенде болды

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында арнайы құрылған Үкіметтік топ 8 ай ішінде еліміздің 17 өңірін аралап, 550 елді мекенге барды. Халықты толғандырған негізгі мәселелер: табысты арттыру, жұмыспен қамту, өз бизнесін ашуға қолдау көрсету, білім беру және денсаулық сақтау қызметтерінің сапасын жақсарту, мәдениет және спорт нысандарының қызметтерін пайдалануға мүмкіндік беру болды. Жоғарыда айтылған ұсыныстарды ескере отырып, азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасының 2025 жылға дейінгі жобасы әзірленді. Қоғамның белсенділігін арттыру, халықтың мемлекетпен байланысын нығайту тетіктері әзірленді. Волонтерлер жылы аясында 7 бағыт бойынша 40-қа жуық іс-шара өткізілетін болады. Сондай-ақ, Абайдың 175 жылдығын, Әл-Фарабидің 1150 жылдығын, Алтын Орданың 700 жылдығын, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығын атап өтуге дайындық жұмыстары жүргізілуде. Осы іс-шаралар үшін кәсіпкерлер мен демеушілердің қаражаты тартылатын болады.

«Әлеуметтік сала бойынша сіздің барлық тапсырмаларыңыз уақытында әрі сапалы түрде және Үкіметтің бақылауымен орындалады», — деді Б. Сапарбаев.

Соңғы жаңалықтар

Келелі келісім кепілі

Саясат • Бүгін, 07:34

Жаңалығы көп жаңа жоба

Аймақтар • Бүгін, 07:29

Ел қоржынына кезекті жолдама түсті

Жеңіл атлетика • Бүгін, 07:09

Финалда есе жіберді

Теннис • Бүгін, 07:05

Қарасазға ақпанда аққу қонды

Аймақтар • Бүгін, 06:45

Есқараның Таня – Тана әжесі

Руханият • Бүгін, 06:40

Алаштың ұясынан ұшқан ғалым

Руханият • Бүгін, 06:35

Қажымұқанның қос қанаты

Таным • Бүгін, 06:35

Таным мен тағылым

Абай • Бүгін, 06:30

«Пайда ойлама, ар ойла»

Сұхбат • Бүгін, 06:15

Газдан туған «наз»

Руханият • Бүгін, 06:10

Қауіпті су қоймалары

Қоғам • Бүгін, 06:05

75 күймен рекорд жаңартты

Руханият • Кеше

Ұқсас жаңалықтар