Күрес • 24 Қаңтар, 2020

Дзюдо: Хамза мен Мұсаев бастапқы бәсекелерде сүрінді

305 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүл күндері дзюдодан Израильдің астанасы – Тель-Авивте өтіп жатқан Гран-при додасында бүгін бес салмақ дәрежесінің жүлделері сарапқа салынуда.

Дзюдо: Хамза мен Мұсаев бастапқы бәсекелерде сүрінді

Өкінішке қарай, 81 кило салмақ дәрежесі бойынша бақ сынаған қос балуанымыз да жарыстың алғашқы айналымдарында сүрінді. Атап айтсақ, Дидар Хамза тұсаукесер кездесуінде 2017 жылғы әлем чемпионы, 2018 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері, германиялық Александр Виццерзактан ұтылды. Руслан Мұсаев әлем мен Еуропа чемпионаттары және құрлықтық ойындарының қола жүлдегері, грузиялық Лука Мацурадзеге екінші кезеңде жол берді. 

Сонымен қатар бүгін 73 кило салмақтағы Жнсай Смағұлов пен Ақылбек Серік және 70 кило салмақтағы Зере Бектазқызы жарысты жалғастыруда. Ал дәл осы салмақта белдескен Мөлдір Нарынова ресейлік Алена Прокопенкодан жеңіліп қалды.