Күрес • 24 Қаңтар, 2020

Дзюдо: Бүгін жүлде бұйырмады

316 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дзюдодан Израильдің астанасы – Тель-Авивте өтіп жатқан Гран-при жарысының екінші күні Қазақстан құрама командасына жүлде бұйырмады.

Дзюдо: Бүгін жүлде бұйырмады

Бұған дейін біз 81 кило салмақ дәрежесінде бақ сынаған қос балуанымыз - Дидар Хамза мен Руслан Мұсаев және 70 кило салмақтағы Мөлдір Нарынованың алғашқы айналымдарда сүрінгені жайында жазған едік.

Көп кешікпей тағы үш қандасымыз жарысты мерзімінен бұрын аяқтады. 73 кило салмақтағы Ақылбек Серік моловалық Виктор Стерпу мен франциялық Вильям Шайнеге шаң қаптырғанымен, армениялық Фердинанд Карапетянның осал тұсын таба алмады.

Жансай Смағұлов та үшінші айналымнан аса алған жоқ. Ол америкалық Александер Турнер мен канадалық Константин Габунды жеңгенімен, тәжікстандық Бехрузи Қожазодадан ұтылды.

70 кило салмақтағы Зере Бектазқызы да алысқа ұзай алмады. Ол тұсаукесер кездесуінде-ақ ирландиялық Меган Флетчерге жол берді.