21 наурызда Ұлыбританияның астанасы – Лондонда өтетін жекпе-жек кешінде Шавқат Рахмонов польшалық Бартож Фабинскиймен айқасады. 33 жастағы Польшаның өкілі осы күнге дейін 17 кездесу өткізіп, 14 рет жеңіске жетті. UFC-де күш сынасып жүргеніне төрт жылдан асты. Сол уақыт аралығында төрт мәрте октагонға шығып, үшеуінде мерейі үстем болды. Соңғы рет Фабинский 2018 жылдың қараша айында айқас алаңына шығып, бразилиялық Мишель Празеристен ұтылды.
Ал Шавқат өзінің спорттық карьерасында 12 жекпе-жек өткізіп, барлығын да айқын басымдықпен жеңіске жетті. Өзінің сол жеңісті жолын қандасымыз UFC-де жалғастырады деп үміттенеміз.