Спорт • 25 Қаңтар, 2020

Дзюдо: Ертең тағы бес салмақтың жүлделері сарапқа салынады

462 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дзюдодан Израильдің астанасы – Тель-Авивтеөтіп жатқан Гран-при жарысының соңғы күні тағы бес салмақ дәрежесі бойынша жүлделер сарапқа салынады.

Дзюдо: Ертең тағы бес салмақтың жүлделері сарапқа салынады

90 кило салмақта Ерсұлтан Мұзапаров татамиге шығады. Тұсаукесер кездесудегі оның қарсыласы – польшалық Томаш Шцепаниак.

100 кило салмақта қос жерлесіміз өнер көрсетеді. Айбек Серікбаев алғашқы айналымда бос. Одан кейін ол Венгрия мен Грекия өкілдері арасында жеңіске жеткен балуанмен белдеседі. Виктор Демьяненконың да жағдайы дәл солай. Оның қарсыласы Аустралия мен Недерланд дзюдошыларының күресінен кейін белгілі болады.  

+100 кило салмақтағы Ерасыл Қажыбай Недерланд өкілі  Юр Шпиккерспен күрессе, Ғалымжан Қырықбаев франциялық Жозеф Терхекпен айқасады.  

Әйелдер арасындағы +78 кило салмақтағы Назгүл Маратова Францияның балуаны Роман Дикомен күш сынасады.