Спорт • 25 Қаңтар, 2020

Шайбалы хоккей: Нұр-Сұлтанда Олимпиаданың іріктеу турнирі өтеді

323 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

өтеді

6-9 ақпан аралығында Нұр-Сұлтандағы «Барыс Аренада»шайбалы хоккейден 2022 жылы алауы тұтанатын Олимпия ойындарының іріктеу турнирі өтеді.

Шайбалы хоккей: Нұр-Сұлтанда Олимпиаданың іріктеу турнирі өтеді

Н тобында өнер көрсететін Қазақстан құрамасы Украина, Польша және Недерландқа қарсы ойнайды. Осы жарысқа тыңғылықты даярлану мақсатында біздің хоккейшілер Нұр-Сұлтанда жиналды. Күні кеше ұлттық құраманың бас бапкері Андрей Скабелка осы жиынға мына ойыншыларды шақыртты:

 

Қақпашылар Хенрик Карлссон, Сергей Кудрявцев, Владимир Крамарь және Денис Каратаев;

Қорғаушылар Джесси Блэкер, Даррен Диц, Самат Данияр, Никита Клещенко, Алексей Маклюков, Леонид Метальников, Валерий Орехов, Кирилл Полохов, Максим Семенов және Егор Шалапов;

Шабуылшылар Павел Акользин, Әлихан Әсетов, Дастин Бойд, Кертис Волк, Артур Гатиятов, Дмитрий Гурков, Найджел Доус, Саян Данияр, Ярослав Евдокимов, Талғат Жайлауов, Никита Михайлис, Батырлан Мұратов, Максим Мусоров, Антон Некряч, Кирилл Панюков, Егор Петухов, Евгений Рымарев, Антон Сагадеев, Роман Старченко, Дмитрий Шевченко және Аркадий Шестаков.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше