Спорт • 25 Қаңтар, 2020

Теннис: Юлия Путинцева әлемнің үшінші ракеткасынан ұтылды

230 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның екінші ракеткасы, WTA рейтингінде 38 орында тұрған Юлия Путинцева Мельбурнде өтіп жатқан Аустралияның ашық біріншілігінің үшінші айналымынан аса алмады.

Теннис: Юлия Путинцева әлемнің үшінші ракеткасынан ұтылды

Тұсаукесер кездесуінде әлемдік рейтингте өзімен қатар тұрған тайпейлік Се Шувэйге шаң қаптырған жерлесіміз келесі кезеңде америкалық Даниэль Роуз Коллинсті қапы қалдырған еді.

Үшінші айналымда Путинцева жолы Симона Халеппен қиысты. Бұл күндері әлемнің үшінші ракеткасы атанып отырған Румынияның әйгілі теннисшісі 2008 жылы Ролан Гарроста топ жарып, Аустралияның ашық біріншілігінің финалында өнер көрсетті. 2019 жылы Уимблдонның жеңімпазы атанды. Әр жылдары WTA турнирлерін 19 рет және ITF додаларын 6 рет ұтқан.

Өкінішке қарай, Юлия Путинцева бұл бәсекеде Симона Халепке айтарлықтай қарсылық көрсете алмады. 1 сағат 19 минутқа созылған бұл тартыста 6:1, 6:4 есебі тіркелді.