Спорт • 26 Қаңтар, 2020

Дзюдо: Бүгін де жүлде бұйырмады

269 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дзюдодан Тель-Авивте өтіп жатқан Гран-при жарысының соңғы күні де Қазақстан құрамасына жүлде бұйырмады.

Дзюдо: Бүгін де жүлде бұйырмады

90 кило салмақта Ерсұлтан Мұзапаров тұсаукесер кездесуде польшалық Томаш Шцепаниактан ойсырай ұтылды. 100 кило салмақта қос жерлесіміз өнер көрсетті. Айбек Серікбаев алғашқы айналымда бос болды. Одан кейін Грекияның өкілі Георгиос Малиоропоуластан басым түсті. Үшінші кезеңде бразилиялық Леонардо Гонсалвеске есе жіберді. Дәл осы салмақтағы Виктор Демьяненко бастапқы кездесуінде Недерланд дзюдошысы Семеон Катхаринадан ұтылды.  

+100 кило салмақ дәрежесінде Ерасыл Қажыбай беларуссиялық Владислав Царпутскийді ұтқанымен, өзбекстандық Бекмұрат Олтибоевтың осал тұсын таба алмады. Ғалымжан Қырықбаев франциялық Жозеф Терхекке тізе бүкті.

 

Әйелдер арасындағы +78 кило салмақта белдескен Назгүл Маратова Францияның балуаны Роман Дикода жеңілді.