Қазақстан • 26 Қаңтар, 2020

Алмас Арзықұлов: Президент қоғамдағы мәселелерді әрдайым назарында ұстайтынын көрсетті

289 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жыл басында ҚР ІІМ шетелдік көліктерге қатысты мәлімдеме жасаған болатын. Онда шетелдік ел аумағында тіркелмеген көліктергешара қолданылатыны, тіпті елде жүруіне тыйым салынатыны айтылды.

Алмас Арзықұлов: Президент қоғамдағы мәселелерді әрдайым назарында ұстайтынын көрсетті

Министрліктің мәлімдеуінше, 2014 жылдан бастап 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін Армения мен Қырғызстанда тіркелген автомобильдерді Қазақстанға кедендік баж бен салық төлемей кіргізу тек сол елдердің азаматтарына ғана рұқсат етілген. Ал одан өзгелері барлық кедендік және утилизациялық төлемді, салықты төлеп, тіркетуі керек. Бұлай болмаған жағдайда ел аумағынан шығарылатыны хабарланды.

Елімізде 170 мыңға тарта шетелден әкелінген көліктің болуы, басқа датүсінбеушіліктер халықты алаңдатты. Осы мәселеге қатысты ресми орган өкілдері, сарапшылар, мемлекеттік емес ұйым өкілдері өз пікірлерін білдіріп, мәселені шешуге қатысты ұсыныстарын да айтты.

Деректерге сүйенсек, шетелден әкелінгенкөліктердің 1884 жол оқиғасына қатысы бар.Оның салдарынан 132 адам қайтыс болып,500-ден астам адам жарақат алған. 2019 жылы бейнекамералар 1,1 млрд теңгеде көлеміндегі90 мыңнан астам заң бұзушылық тіркеді. Аталынған автокөліктердің қазақстандық тіркеуі болмағандықтан, салынған айыппұлдарды төлету мүмкін емес.

Үкіметтің кеңейтілген отырысында осы мәселеге қатысты Президент өз ойын білдіріп, Бас прокуратураға «Мәселені шешу үшін Үкімет бір ай ішінде бір реттік тәртіппен 2020 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша Қазақстан азаматтарының ЕЭО-дан жеке пайдалану үшін әкелінген автокөліктерді уақытша тіркеуді қамтамасыз етуі керек», деп тапсырма берді.

Бұл шешім Президенттің қоғамдағы түйткіл мәселелерді әрдайым назарында ұстайтынын көрсетті. Өйткені көліктерді қазақстандық тіркеуден өткізу немесе шетелге қайтаруға бір жыл мерзім берілуі автокөлік иелері үшін үлкен мүмкіндік.

Алмас АРЗЫҚҰЛОВ,

Президент жанындағы ҚСЗИ-дың жетекші ғылыми қызметкері: