Спорт • 26 Қаңтар, 2020

Теннис: Зарина Диас та жеңілді

217 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның үшінші ракеткасы, WTA рейтингінде 73 орында тұрған Зарина Диас та Мельбурнде өтіп жатқан Аустралияның ашық біріншілігінің үшінші айналымында жеңлістің кермек дәмін татты.

Теннис: Зарина Диас та жеңілді

Бастапқы бәсекеде Зарина WTA рейтингінде 24 орында тұрған америкалық

Аманда Анисимовадан айласын асырған еді – 6:3, 4:6, 6:3. Келесі кездесуде ол ресейлік Анна Блинковадан басым түсті – 4:6, 6:4, 6:3.

Үшінші кезеңде жерлесіміздің жолы недерландық Кики Бертенспен қиысты. Әлемнің 10 ракеткасына қарсы ойында Диас жеңліс тапты. 1 сағат 37 минутқа созылған бұл сайыс 2:6, 6:7 есебімен аяқталды.

Осылайша, Қазақстанның теннисшілері үшін Австралияның ашық біріншілігінің жекелеген сайысы аяқталды. Зарина Диастан бөлек, Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева үшінші айналымға дейін жетті. Ал Александр Бублик пен Михаил Кукушкин тұсаукесер кездесулерінде сүрінді. Енді біз жұптық ойындардың нәтижелерін күтеміз.  

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше