Аймақтар • 26 Қаңтар, 2020

Петропавлдың сақшылары тұрғындарды болуы мүмкін жол апатынан құтқарды

171 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Әдетте мас жүргізушіні апатты қылмыс жасау тәуекеліндегі адам деп жатамыз. Шынында мас жүргізушілердің қылмыс жасау қаупі зор. Әсіресе, көлік сапырылысып жатқан қала көшелерінде ондайлар бірдеңені соғып апат тудырмай қоя алмайды. Ал бұл бір немесе бірнеше адамның өмірін үзуі мүмкін. Сондықтан да көліктің рөліне мас күйінде отырған адам бірден қылмыскерлер қатарына жатқызылады.  

Петропавлдың сақшылары тұрғындарды болуы мүмкін жол апатынан құтқарды

22 қаңтардың түнгі мезгілінде Петропавлдың қалалық патруль қызметкерлері көшемен кетіп бара жатып, жол шетінде қаңтарулы тұрған автокөліктің жанында теңселіп тұрған азаматты байқайды. Сүрініп-қабынған ол автокөліктің рөліне отырып, Парктік пен Маяковский көшелерінің қиылысына қарай жүреді. Жол сақшылары оны дереу тоқтатып, алкогольдік дәрежесін куәландыруға алып барады. Алайда жүргізушінің тілі күрмеліп, анық сөйлей алмаған. Әрі өзінің бұл әрекетін түсіндіру кезінде ол ұйықтап кете беріпті. Куәландыру 38 жастағы ер адамның есірткі тұтынудың әсерінен қатты мас екенін анықтаған. Аталған фактіге қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 608-бабы 6-бөлігі бойынша әкімшілік материал жиналды. Енді сот оны алты жылға дейін жүргізушілік құқынан айыруы мүмкін. Әзірге, ол 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

Ал келесі, 23 қаңтарға қараған түні полицейлер Volkswagen автокөлігінің жүргізушісін тоқтатады. Оның жүргізушісі көліктегі мемлекеттік тіркеу нөмірінің дұрыс көрінбегендігінен тоқтатылған. Алкогольдік ішімдік дәрежесін анықтау сарабы мұның да есірткі тұтынғаннан масаң күйде болғанын анықтаған.

Сөйтіп, қызылжарлық жол тәртібін бақылау қызметкерлері екі күнде есірткі тұтынып, мас күйінде көлік жүргізуге отырған екі бірдей жүргізушіні ұстап, қала тұрғындарынының өмірінқауіп мүмкіндігі жоғары апаттан сақтап қалды.

Үстіміздегі жылғы заңнамаға енгізілген өзгертулерге сәйкес мас жүргізушілер үшін жауапкершілік қатаңдатылған. Енді мас күйінде ұсталған жүргізушілер автокөлік жүргізу құқынан жеті жылға айрылады. Сонымен бірге ондайлар кем дегенде 15 және одан көбірек тәулікке қамалуы мүмкін. Ал осы әрекеттерін қайталап жасағанбұрын көлік басқару құқығынан айырылғандар бас бостандығынан айыру орындарына бес жылға дейінгі мерзімге кетуі немесе өмір бойына көлік басқару құқығынан айырылып, 13 миллион теңгеге дейін көлемді айыппұл төлеуі мүмкін.

ҚЫЗЫЛЖАР