Аймақтар • 26 Қаңтар, 2020

Қарағанды облысында Birgemiz акциясы аясында 30 мың адам қар күреді

438 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды облысында Birgemiz акциясы аясында 30 мыңнан астам адам қалалар мен аудандардың көшелері мен аулаларын қардан тазарту  жұмыстарына белсенді түрде ат салысты.

Қарағанды облысында Birgemiz акциясы аясында 30 мың адам қар күреді

Қар күреушілердің қатарында өңірдің белсенді тұрғындары, кәсіпкерлер мен мемлекеттік қызметшілер және жас еріктілер болды.

Қарағанды облыстық жастар ісі жөніндегі басқарманың басшысы Нұржан Жетпісбаев осы шара барысында ерекше белсенділік және ұйымшылдық танытқан жас еріктілерге ризашылық білдірді. Сондай-ақ, ол волонтерлікті дамытудың өте маңызды міндет екенін атап өтті.

– Біз өз ауласын тазалауға мұршасы келмейтін ардагерлерге, жалғыз басты зейнеткерлерге, мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмектесеміз. Аудандар мен қалалардың әкімдіктері өз кезегінде осы мекен-жайлардың қарын сыртқа шығару жұмыстарын ұйымдастырды, – деді ол.

Қала және аудан әкімдіктерінің мәліметтері бойынша, акцияға 31 мыңнан астам адам және 1643 кәсіпорын мен ұйым қатысқан. Орталық көшелердің, саябақтардың, гүлзарлар мен жая жүргіншілер жолдарының қарын тазалауға және шығаруға 803 бірлік арнайы техника жұмылдырылды.

Birgemiz акциясы Қарағанды облысының барлық қалалары мен аудандарында өтіп, өңір бойынша 40 мың текше метр қар тысқа шығарылған.