Спорт • 26 Қаңтар, 2020

Фристайл: Юлия Галышева Канадада күміс алды

306 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Канаданың Монт-Тремблан қаласында фристайл-могулдан өткен әлем кубогының кезеңдік сайысында Юлия Галышева күміс медальді мойнына ілді.

Фристайл: Юлия Галышева Канадада күміс алды

Бұл жарыста қазақстандық спортшы 80,99 ұпай жиды. Бас жүлде Францияның өкілі Перрин Лаффонтқа бұйырды. Ол 82,14 ұпайды қоржынға салды. Қола медальді Анастасия Смирнова иеленді. Оның жиған ұпай саны – 58,54.

 

Ерлер арасында отандастарымыздың арасынан ең үздік көрсеткішке Павел Колмаков қол жеткізді. 76,00 ұпай жиған ол 11 орынға табан тіреді. Тәжірибелі Дмитрий Рейхерд 71,89 ұпаймен 24 орында қалып қойды. Ал бұл жарыстың бас жүлдесін канадалық Микаэль Кингсбери қанжығасына байлады. Үйеңкі жапырақтар елінің өкілі 86,80 ұпайды иемденді. Кұміс пен өола медальді жапониялық Икума Хиросима (86,60 ұпай) мен франциялық Бенжамен Каве (83,99 ұпай) еншіледі.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше