13 дүркін Польша чемпионы және сол ел біріншілігінің лидеріне қарсы кездесуде жерлестеріміздің мерейі үстем болды. Бұл матчтағы жалғыз голды Артур Шушеначев соқты. Есеп – 1:0. Десек те «Легияның» есепті теңестіріп қана қоймай, алға шығуына да тамаша мүмкіндіктері болды. Олар екі рет 11 метрлік айып добын соқты. Бірақ алғашқы доп қиыс кетсе, екіншісінде қақпашы допты кері қайтарды.
Алдағы күндері «Қайрат» Түркияда Киевтің «Динамосы» және Болгарияның «Лудогорец» клубтарына қарсы жолдастық кездесу өткізуді көздеуде.