Технология • 27 Қаңтар, 2020

Уақыты келген игілік

229 рет
көрсетілді
9 мин
оқу үшін

«Айшылық алыс жерлерден, Көзді ашып-жұмғанша, Жылдам хабар алғызды» деп бәріміз жаттап өскен Ыбырай өлеңінің айтпағы расқа айналды. Бүгінгі ақпараттық технология, жалпы біз жаппай қолға алған цифрлы жүйеге көшу – осы, яғни ол тек хабар алмасуға қатысты емес, ауқымы кең. 

Уақыты келген игілік

Ыбырай ұстаз өлеңінің ақиқатқа айнал­­уы да дұрыс, себебі ол арғы бастауын қа­сиетті дінімізден алған. Өйткені Сү­­лей­мен пайғамбардың шақыртуымен жол­ға шыққан Сәбә елінің билеушісі Бәл­қис падишаның өзі қатты ұнататын, тіпті сапарға шығарда ең қиын да құпия жерге ты­ғып, кілтін өзімен бірге алып жүретін әше­­кейлі тағы адамның озық ілімі ар­қы­лы падишадан бұрын Сүлеймен пай­­ғам­бар алдына жеткізілетіні, онымен бірге Сәбә елінің сарайындағы дыбыс, шулардың да бірге келгендігі ту­ра­лы мұғжиза бар. Бұдан ғалымдар қа­зіргі таңдағы дыбыс пен бейнені, Ыбырай айтпақшы, «көзді ашып-жұм­ған­ша» арақашықтыққа қарамай жылдам ал­ды­ру­ға ишара болғандығын, бола­шақта затты, бұйымды да осылайша жыл­дам алдыру қолжетімді болуы мүм­кін екендігін тұс­палдайды.

Уақыты келгенде әркім-ақ заманауи талап­тарға лайықты бейімделіп, заманға сай же­тістіктермен қарулана бастайды. Біздің цифрлы жүйеге көшуіміз бүгінгі таң биігінде – қауырт жұмыс, маңызды міндет, ал түптеп келгенде ол – уақыты кел­генде болмай тұрмайтын заман талабы, озық ойлы, ілімі терең адамзат ұрпағы тұтынуы тиіс игілік.

 Маңғыстаудың әлеуеті

Маңғыстау облысы әкімі аппараты жанын­дағы цифрландыруды дамыту бөлі­мі­нің жетекшісі Әділет Қиясовтың айтуынша, 2018 жылы аймақта цифрлы технологиялар бес бағытта енгізілді. Өңірдің 89 ден­саулық сақтау нысаны 100% интернетке қосылған. 36 меди­ци­на­лық ұйым, оның ішінде 7 жеке мекеме медициналық ақпараттық жүйе Damumed кешенімен қам­тыл­ған болса, оны 6479 медицина қыз­меткері пайдалана­ды. Ал білім беруді цифрландыру саласында Маңғыстау облысы бойын­ша «Мек­теп­ке дейінгі ұйымдарға жол­дама­ны автоматты түрде беру» мем­­ле­кеттік қызметі облыстағы бар­лық 294 мектепке дейінгі ұйымда толық іске қосылған. Құны 15 миллион теңге тұ­ратын жобаны іске асырудың эко­но­ми­­калық тиімділігі 1,5 миллион теңгені құ­рады. Сондай-ақ «mektep.edu.kz» ақ­па­раттық жүйесіне, яғни электронды жур­н­алдар мен күнделіктер жүйесіне өңір­дің 147 мектебі қосылған. 2017 жыл­дың қыркүйегінен бастап ата-аналар мен мұғалімдерге арналған мобильды нұс­қа­ла­ры іске қосылды. Сандық жүйеге өту жо­лын­дағы ке­зекті жоба «Маңғыстау облы­сы­­ның бастауыш, негізгі, орта, жал­пы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша білім беру ұйымдарына тіркелу» мемлекеттік қызметі болып саналады. Бұл жоба Маң­ғыс­тау облысындағы 141 мектепте бар. Білім беру саласындағы Маңғыстау об­лы­сының «Электронды колледжі» жобасына облыстың 27 колледжі қосылған және колледжге қабылдау бойынша қыз­меттерді автоматтандыру бойынша жұ­мыс­тар аяқталды.

Сандық жүйенің құқыққорғау, қауіп­­сіз­дік саласында маңызы зор. Қа­уіп­сіз­дік саласында «Ақтау қала­сын­да бейне­ба­қылау жүйесін енгізу және қызмет көрсету» жүзеге асырылуда. Жоба бо­йынша қоғамдық орындарда, аулаларда, сондай-ақ шағын аудандарға кіретін және шығатын жерлерде, ірі сауда және ойын-сауық орталықтарында, облыс орталығы әуежайында және Маңғышлақ темір жол стансасында фотосурет арқылы бет-бейнесін және көліктің мемлекеттік нөмірлерін анықтайтын 600 камераны орнату жоспарланған. Камералардан ал­ынған кескіндер жедел басқару ор­та­­лығы операторларының басқару тақ­таларында және жергілікті полиция бөлімшелерінде көрсетіледі. Бұл игі­лік­ті пайдалануға беру мерзімі 2019 жыл­дың соңына дейін жос­пар­ланған бола­тын. Көлік саласын­да ауданаралық, облыс­аралық, қала­ара­лық және қалалық бағыт­та­ғы бар­лық автобус пен шағын авто­бустар GPS спутниктік навига­тор­­ларымен жабдықталған, Info­Bus.kz мо­бильдік қосымшасы жұ­мыс істейді. Ақ­тау­да BusReport диспетчерлік жүйесі іске қосылды, оған барлық қалалық және қала маңындағы авто­бустар қосылған. Со­нымен қатар «Электронды тө­лем жүйесі» жобасын іске асыру «Маң­ғыс­­­­тау облысының автобус паркін жаңарту» салалық жобасымен бірге жүзеге асырылады. Қазіргі уақытта валидаторлар қанатқақты ре­жім­­­де қалалық маршруттардың 2 авто­бу­сына орнатылды.

Тұрғын үй-коммуналдық секто­рын цифр­ландыру – ауқымды шара. Ақтау қаласында 15 шағын аудан­да­ғы 10 көп­пәтерлі тұрғын үй «Е-шаңыраққа» пилоттық режімде қосы­лып, мәліметтер алмасу 22 су есеп­тегіштерінен (ASKUV), 11 жылу есеп­тегіштен онлайн режі­мін­де берілуде (OPUT), 13 электр энергия­сын есепке алу құралы (ASKUE) іске қосылды. Ақтауда қосымша 628 үй бірың­ғай ақпараттық жүйеге қосылған.

OPUT қондырғысы арқылы тұр­ғын­дардың жылу маусымындағы жи­нақтары 9,9 миллион теңгені құ­райды. Сондай-ақ бір тұрғын үйге монополиялар субъектілерінің ба­қылау­шыларының келуі 12-ден 2 есеге дейін азаяды.

 – Облыс тұрғындарының цифр­лы сауаттылығын арттыру аясында ерік­­тілер арасынан 40 жаттық­ты­ру­шы оқы­тыл­ды. Оқыту Халыққа қызмет көр­се­ту орталықтары, орта мек­тептер, ауыл әкімдіктері жа­нын­­дағы өзіне-өзі қызмет көрсету орта­лық­тары сынды 37 пунктте өткізілді. Оқушылардың жалпы саны – 13 959, оның ішінде 4 051 – әлеуметтік жағынан осал топтар өкілдері болды, – дейді бөлім бастығы.

 Жаңа жобаға қадам басты

Өңірде цифрлы жүйеге өтуге қатысты жұмыстар жалғасын табуда. Бұл, әсіресе мәдениет саласына қатысты деуге болады. Қазіргі таңда Маңғыстау өңірінде зерттеліп, құ­жат­талған 13 мыңнан астам тарихи-мәдени нысандардың 440-тан астамы мемлекеттік қорғауға алынды, оның 21-і республикалық маңызға ие. 249 археологиялық ескерткіші толықтай зерттелген десек, оларға тас дәуірі со­ңын­­дағы тұрғын кешендер, қола дә­уі­рі мен ерте темір дәуіріндегі діни-жер­леу нысандары, ортағасырлық ескі қа­ла­лар, бекіністер, Ұлы Жібек жолы бо­йында орналасқан керуен сарайлары, археология, сәулеттің үлкен және шағын фор­малары кіретін 140 кешендік ансамбль­дер, сонымен қатар сәулет пен құрылыс мәдениетін танытатын 60 ескерткіш жатады. Маңғыстаудағы жер­асты мешіттері, қауым-қойылымдардағы құлпытастар мен тамдар ерек­ше­лік­тері туристерге зор әсер сыйлайтыны анық. Маңғыстаудың кең даласына шашырай орналасқан осы киелі нысандарға да цифр­лы жүйе қадам басты.

«Рухани жаңғыру» және «Цифр­лы Қазақстан» мемлекеттік бағдар­ла­малары аясында Маңғыстау облы­сының киелі жерлерінің интерак­тив­ті картасы – Интернет-ресурс жасақталды. Іске асыру барысында Қазақстан нысандарының ұлттық тізіміне және жергілікті маңызы бар қасиетті орындар тізіміне енгі­зіл­­ген Маңғыстау облысының 30 киелі жері цифрландырылды, бұл тұрғыда табиғи ландшафт пен мәде­ни мұраның ескерткіштері, зайыр­лы және мәдени архитектурасы, ке­сенелер, сондай-ақ халықтың жа­­дында мәңгі сақталған тарихи және саяси оқиғаларға байла­ныс­ты орындар алдыңғы кезекте жобаға ілікті. Интерактивті картаға тағы 13 нысанды қосу межеленген. «QR-MANGYSTAU» мобильды қосым­ша­сының көмегімен келуші арна­йы бағдарлаусыз, қорықтың веб-сай­тын­а смартфонмен шифрланған сілте­мемен тегін QR кодын сканерлеу арқылы аймақтың тарихи және мәдени мұрасының 20 нысаны туралы ақпаратқа жылдам қол жеткізе алады.

Сондай-ақ жүзеге асырылу үс­тін­де­гі «Мақамы мәшһүр Маң­ғыстау» сай­­тында цифрлы формат­та­ғы 200-ге жуық тректер – аймақта көп тараған, ақ­са­­қал­дар­дың жадында сақталған ха­лық әндері, музы­ка­лық туындылар көр­се­тіл­ген. Сайтта музы­калық трек­тер­дің авторлары мен орын­дау­шы­ла­ры, шығар­малардың тарихы, мәтін, видео орын­дау тура­лы ақпарат бар. Сайтта тегін тіркеуден өткеннен кейін қолданушы музы­ка­лық тректерді және туынды туралы ақпаратты жүктей алады.

– Қаланың тіршілігін қамтамасыз ету мәселелерін шеше отырып, ком­му­налдық қызметтермен қамтамасыз ету сапасын арттыру аясында «Бірыңғай байланыс орталығы-109» коммуналдық қызметтердің бірыңғай диспетчері енгізілді. Құрылыс және жер қа­тын­ас­тары саласындағы элек­­трон­ды мем­ле­кеттік қызметтер көр­­сету кезін­де­гі сыбайлас жем­қор­лық кедер­гісін азайту мақ­са­тын­да Маңғыстау о­б­лысының Гео­ақ­параттық порталы ен­гіз­ілуде. Жобаны аяқтау 2020 жылға жос­­пар­ланған. Ағымдағы жылы «Smart Ақтау» мобильды қосымшасын да­мыту жұ­мыстары жалғасуда, ол ай­мақ­тағы мем­лекеттік органдар әзір­­леген барлық мобильды қосым­шаларды біріктіруге арналған ашық платформаға айналды, – дейді Маң­ғыс­тау облысы әкімі аппараты жанындағы цифрландыруды дамыту бөлімінің жетекшісі Әділет Қиясов.

 

Маңғыстау облысы