Осыған байланысты комитет университетті білім беру қызметін жүргізу құқығына лицензиядан айыру үшін сотқа жүгінді. 2020 жылдың 9 қаңтарында Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік соты комитеттің нұсқамасын қанағаттандырып, жоғары оқу орнын лицензиядан айыру туралы шешім қабылдады. Бірақ шешім әлі заңды күшіне енген жоқ.
Осыған байланысты министрлік оқуды жалғастыру үшін студенттерді басқа жоғары оқу орындарына ауыстыру жөнінде шаралар қабылдайтын болады. Осы мақсатта жұмыс тобы құрылды. Аудару заңнамаға сәйкес демалыс уақытында жүзеге асырылады.
«Білім туралы» заңның 42-бабы 2-тармағына сәйкес білім беру ұйымы білім беру қызметімен айналысуға лицензиясынан айырылған немесе таратылған жағдайда оның құрылтайшысы білім алушыларды оқуын жалғастыру үшін басқа білім беру ұйымдарына ауыстыруға шаралар қолданады.
2020 жылдың 1 ақпанына дейін қабылданған шешім бойынша қосымша хабарланатын болады.
Аталған ведомство студенттердің құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында ұсынылатын білім беру қызметтерінің сапасына назар аударуды сұрайды.
Жоспардан тыс тексеру қорытындысы бойынша университеттің білім беру қызметінде өрескел бұзушылықтар анықталған болатын. Атап айтқанда, талапкерлерді шығармашылық емтихандарсыз, 086-У нысанындағы медициналық анықтамасыз, ҰБТ сертификатының түпнұсқасынсыз және бейінді пәндерді есепке алмай қабылдау фактілері анықталған. Сондай-ақ сабақ кестесін сақтамау фактілері анықталды.