Қоғам • 27 Қаңтар, 2020

Шекарашылар алданбады

2292 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Шекарашылар алданбады

«Ақтөбе – Орал» бағы­тындағы №613 жолаушылар пойызын тексерген Ақтөбе шекара отрядына қарасты «Жайсаң темір жол» өткізу пунктінің ше­кара наряды 1974 жылы туған Қазақстан азаматының төлқұжатын ұсынған адамды ұстады. Себеп – жолаушының түрі төлқұжаттағы фотосуретке ұқсағанымен, 46-ға толмаған ер адам үшін тым егде көрінген еді.

Қырағылық өз жемісін берді, күдік дәлелденді. Әрі қарайғы тексеру 45 жастағы Русланның төлқұжатымен сапарға шыққан оның туған ағасы, 59 жастағы Үсен екендігін анықтап берді. Істі Мәртөк ауданы бойынша құқық қорғау органдары қарастыратын болады, деп хабарлады Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің баспасөз өкілі.