Оның айтуынша, Елбасының тапсырмасы бойынша Nur Otan партиясы Үкіметпен бірігіп жергілікті ерекшелік пен халықтың нақты қажеттіліктерін есепке ала отырып, аймақтық бағдарламаларды дайындау бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп жатқан көрінеді. Нұротандықтар барлық проблемасы көп бекеттерді, соның ішінде, шалғай аудандар мен ауылдарды қамтуды жоспарлап отыр.
«Біз әр аудан үшін партияның жеке бағдарламасын әзірлегіміз келеді. Жергілікті жердегі мәселелер мен сұраныстарға басымдық берсек дейміз. Біз алдымен халықтың көңілі қалайтын нақты мәселелерді шешкіміз келеді. Екіншіден, біз кандидаттарымызды праймериз, яғни партия ішіндегі іріктеу арқылы ұсынғымыз келеді. Мұның барлығы ашық дебат түрінде өткізілетін болады. Сондықтан Nur Otan партиясының міндеті – креативті ойлайтын, ашық-жарқын жандарды ұсыну. Сондай-ақ қыз-келіншектер мен жастарды белсенді қолдап, көтермелейміз. Бұл Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей тапсырмасы. Әйелдердің 30%-ы мен жастардың 20%-ы мәслихаттардың барлық деңгейінде болуы тиіс», деп атап өтті Бауыржан Байбек.
Партиялықтарға арнап ұйымдастырылған оқыту тренингтеріне қатыса отырып, Nur Otan партиясы Төрағасының бірінші орынбасары сондай-ақ жұртшылық дәрігерлерге қатысты оқиғалармен әлеуметтік желілерде бөлісе отырып, ақ халатты абзал жандарды қолдауға шақырды.
«Біз дәрігерлерді қолдауымыз қажет. Әркім дәрігерлердің олардың туыстары мен жақындарын қалай құтқарып қалғаны туралы әңгімелесін. Бұл өте күрделі моральдық қолдау болып табылады. Жағдайдың 99%-ында дәрігерлер адамдарға көмектесіп, олардың өмірін құтқарып отыр, алайда кейбіреулер секілді өздерін жарнамаламайды. Үндемей ғана жұмыс істейді. Сонымен қатар мұғалімдерді, мемлекеттік қызметкерлерді, полиция қызметкерлерін де қолдауымыз керек деп есептеймін. Таңертеңнен кешке дейін жұмыс істеп, кейде тіпті отбасыларына көңіл бөлуге уақыттары болмайды», – деді Бауыржан Байбек.
Айта кететін жайт, партиялық «қайта жаңғыру» аясында Саяси менеджмент мектебі 10 мыңнан астам нұротандыққа арнап оқыту семинарын бастады. Аймақтық филиалдардың, бастауыш партия ұйымдарының өкілдері мен партия ішіндегі қанатқақты кадрлық іріктеу жеңімпаздары тұлғалық құзыретті дамыту, халықпен және азаматтық қоғам институттарымен тиімді өзара әрекет ету, дағдарыстық байланыс және т.б. салада машықтану деңгейін арттыру бойынша тренингтерге қатысуда.