Қазақстан • 27 Қаңтар, 2020

Десантты-шабуылдаушы әскерлер парашютпен секіруді орындады

53 реткөрсетілді

Десантты-шабуылдаушы әскерлерінің 2020 жылғы қаңтардағы жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес Талдықорған, Алматы және Қапшағай гарнизондарында 800 метр биіктіктен Ми-17 тікұшағынан 1000 десантшы парашютпен секіруді жүзеге асырды. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.


Олардың арасында жүз шақты мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер алғаш рет секіруді орындады.

Десант-шабуылшы әскерлер қолбасшысы басқармасының әуе-десант дайындығы бөлімінің офицері подполковник Ержан Смайылов атап өткендей, секіруге жіберілген барлық әскери қызметшілер алдын ала дайындықтан өтіп, парашютті ретке келтірудің барлық кезеңдерін үйренді. Бөлім психологтары моральдық-психологиялық жағдайды тексерді, өйткені ол секіруге рұқсат беру және кешенді сынақ болып табылады.   

«Парашютпен секіру – бұл үлкен позитив сыйлайды. Тікұшақтың бортында қорқыныш пен шаттық сезімдері аралас. Иықтан қағып белгі берілгеннен соң, секіруің керек. Сол сәтте ерекше сезімге кенелесің. Парашютің ашылған кезінде, десантшылардың қатарына қосылғаныңды түсінесің» деп өз сезімімен бөлісті мерзімді қызметтегі қатардағы жауынгер Марат Қасым.  

Парашютпен секіргендердің арасында қыздар да бар. Атап айтқанда, радиотелефонисттер қатардағы жауынгер Смағұлова Диана мен Әуелбекова Зура. Әйелдер арасында 2020 оқу жылында бағдарламаны алғаш рет жүзеге асырған нәзік жандыларға командирдің атынан әуе-десанттық даярлық ісіне белсенді қатысқандары үшін грамоталар табыс етілді.   

1

2020 оқу жылына арналған жауынгерлік даярлықтың бағдарламасы бойынша десантшылардың 10 000 жуық секірулері жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар

Бейбітшілікке үндейтін бастама

Аймақтар • Бүгін, 11:03

Мол өнім кепілі - сапалы тұқымда

Аймақтар • Бүгін, 09:05

Еңбекақы көлемін ұлғайтты

Аймақтар • Бүгін, 07:26

Бабыр баба шапаны

Таным • Бүгін, 07:23

Олар ешкімнен кем емес

Руханият • Бүгін, 07:18

Жалғыз қолмен жиһаз жасайды

Аймақтар • Бүгін, 07:17

Заманауи кәріз жүйелері керек

Аймақтар • Бүгін, 07:13

Сергелдеңге салған сертификат

Аймақтар • Бүгін, 07:02

Сазгердің «Мәңгі көктемі»

Таным • Бүгін, 06:58

Ер қазақ еді Ераға

Таным • Бүгін, 06:56

Еліміздегі ең алып кітап

Аймақтар • Бүгін, 06:55

Тағайындау

Президент • Бүгін, 06:50

Жұрт тілегі назарға алынды

Аймақтар • Бүгін, 06:24

Сот ісін жүргізу цифрландырылады

Парламент • Бүгін, 06:13

Ұқсас жаңалықтар