06 Тамыз, 2013

Ардагерлер алғысы

456 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назар­баев­тың атына «Тәуелсіз мемлекеттер ардагерлерінің (зейнеткерлерінің) қоғамдық ұйымдары қоғамдастығы» халықаралық одағы үйлестіру кеңесінің төрағасы, флот адмиралы А.Сорокиннен хат келді, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Өз хатында А.Сорокин Қазақстанда 1941-1945 жыл­дардағы Ұлы Отан со­ғы­сы­ның батырларын мәңгі есте қалдыруға ерекше мән беріліп отырғанына ри­за­шылық білдіреді. Атап айт­қанда, елде жыл сайын жаңа мемориалдық кешендер тұрғызылып, бауырластар қабірі және өзге де қастерлі орындарға жоғары деңгейде күтім жасалады.

Осы орайда, А.Сорокин Нұрсұлтан Назарбаевқа тарихи жадының сақталуы және ардагерлерге көрсе­тіл­ген қамқорлық, Дос­тас­тық халықтары арасынд­ғы халықаралық ықпалда­тықты, бауырластық қарым-қатынастарды нығайту б­ғытындағы дәйекті қадамдар үшін алғыс айтқан.