Экономика • 28 Қаңтар, 2020

Президент тапсырмаларын орындауға бағытталған нақты шаралар әзірленуде - Р.Дәленов

147 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әрбір шағын топтың шеңберінде Мемлекет басшысының тапсырмаларын іс жүзінде орындауға бағытталған нақты шаралар әзірленуде. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов мәлім етті.

Президент тапсырмаларын орындауға бағытталған нақты шаралар әзірленуде - Р.Дәленов

«Салық-бюджет саясаты бойынша мемлекеттік бюджеттің тұрақтылығы үшін ашық және прагматикалық саясат құру бойынша шаралар әзірленетін болады. Барлық салықтық преференциялар мен жеңілдіктер олардың тиімділігі тұрғысынан талданатын болады», - деді Р.Дәленов.

Министрдің айтуынша, биылғы жылғы 1 шілдеге дейінгі мерзімде Бюджет кодексіне контрциклдік бюджет қағидаларын бекіту бойынша өзгерістер енгізіледі.