Экономика • 28 Қаңтар, 2020

Руслан Дәленов: Сауда саясаты бойынша бағдарлама әзірленеді

125 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов Сауда саясаты бойынша бағдарлама әзірленетінін айтты.

Руслан Дәленов: Сауда саясаты бойынша бағдарлама әзірленеді

«Өткізу нарықтарына қол жеткізуді қамтамасыз ету және электрондық сауданы дамыту бойынша шаралар іске асырылатын болады», - деді министр өз сөзінде.

Сондай-ақ ол әлеуметтік саясат бойынша әлеуметтік саладағы заңнамаға түгендеу жүргізілетінін сөз етті. Министрдің мәліметіне сүйенсек, биылғы жылдың 1 шілдесіне дейін елдің зейнетақы жүйесін жаңғырту бойынша тәсілдер мен шешімдер әзірленетін болады.