Спорт • 28 Қаңтар, 2020

Нұр-Cұлтанда алғаш рет су добынан Ресей чемпионатының кездесуі өтеді

26 реткөрсетілді

7-8 ақпан күні Нұр-Сұлтанда су добынан ерлер командасы арасындағы Ресей ашық чемпионатының кезекті туры өтеді. Турнир тарихында алғаш рет матч Қазақстан астанасында ұйымдастырылмақ. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.

«Ресей су спорты түрлері федерациясы және «Спартак Волгоград» клубымен келісе отырып, он бірінші тур ойынын Қазақстанда өткізуді жөн көрдік. Өздеріңіз білесіздер, Қазақстан командасы ақпан айында өтетін Олимпиадаға іріктеу турниріне дайындалуда. Спортшылар бабына еніп, жақсы дайындық жасауы үшін «Спартак Волгоград» клубын арнайы шақырттық. Олар Ресей біріншілігінде ғана емес, Еуропадағы үздік командалардың бірі. Бұл клуб ойыншылары біздің командаға жақсы қарсылас атанары сөзсіз.  Біз мұндай турнирдің елімізде өтетіні үшін қуаныштымыз. Бұл Қазақстандағы су добын дамытуға үлес қосады. Сондай-ақ, көптеген жанкүйерлер үшін спортшылардың ойынын тамашалау үлкен қуаныш. Кездесулер 7-8 ақпан күндері «Барыс-аренада» өтеді. Бүгінде біздің спортшылар Нұр-Сұлтан қаласына келіп, бассейнді жаттығуды бастап кетті. 3 ақпан күні қарсылас команда ойыншылары келеді», - деді бас хатшы Сергей Михайлович. 

Сондай-ақ Сергей Михайлович алдағы лицензиялық Азия чемпионатына қатысты пікірімен бөлісті. 

«Алдымызда бірі ғана мақсат бар – Олимпиада ойындарына жолдама алу. Ерлер арасында ғана емес, әйелдер арасында да топ жаруды көздеп отырмыз. Әрине, бұл оңай емес. Өйткені, Қытай әйелдер командасы Азияда ғана емес, әлемде үздік саналады. Дегенмен, біздің команданың бар күшін салатыны анық», - деді ол. 

Соңғы жаңалықтар

Бейбітшілікке үндейтін бастама

Аймақтар • Бүгін, 11:03

Мол өнім кепілі - сапалы тұқымда

Аймақтар • Бүгін, 09:05

Еңбекақы көлемін ұлғайтты

Аймақтар • Бүгін, 07:26

Бабыр баба шапаны

Таным • Бүгін, 07:23

Олар ешкімнен кем емес

Руханият • Бүгін, 07:18

Жалғыз қолмен жиһаз жасайды

Аймақтар • Бүгін, 07:17

Заманауи кәріз жүйелері керек

Аймақтар • Бүгін, 07:13

Сергелдеңге салған сертификат

Аймақтар • Бүгін, 07:02

Сазгердің «Мәңгі көктемі»

Таным • Бүгін, 06:58

Ер қазақ еді Ераға

Таным • Бүгін, 06:56

Еліміздегі ең алып кітап

Аймақтар • Бүгін, 06:55

Тағайындау

Президент • Бүгін, 06:50

Жұрт тілегі назарға алынды

Аймақтар • Бүгін, 06:24

Сот ісін жүргізу цифрландырылады

Парламент • Бүгін, 06:13

Ұқсас жаңалықтар