Қазақстан • 29 Қаңтар, 2020

Қолайсыз ауа райына байланысты Төтенше жағдайлар департаментінің өкілі мәлімдеме жасады

204 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

28 қаңтарда 21:00-дегі жағдай бойынша 10 облыс пен елорданың 106 учаскесінде республикалық және облыстық маңызы бар автожолдар бойынша барлық автокөліктер үшін қозғалыс шектелді. Бұл туралы Республикалық жедел штаб бас басшысының орынбасары, Азаматтық қорғау подполковнигі Жақатаев мәлімдеді.

Қолайсыз ауа райына байланысты Төтенше жағдайлар департаментінің өкілі мәлімдеме жасады

«Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Павлодар, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарының автожолдарының 8 учаскесінде жүк және жолаушылар автокөліктері үшін қозғалыс шектелді. Қар құрсауынан 6388 адам құтқарылды. Оның ішінде 598-і бала. 2807 бірлік техника шығарылды. Авариялық құтқару жұмыстарына барлығы 821 адам және 425 бірлік техника жұмылдырылды», - деді ол.

Оның айтуынша, Нұр-Сұлтан қаласы және Ақмола, Қарағанды, Ақтөбе облыстарында 69 жылыту бөлімдеріне 1023 адам, оның ішінде 120 бала орналастырылды. Жедел желілері телефондарына бүгінгі тәулік ішінде 140 қоңырау келіп түскен. Қазіргі уақытта осы бағыт бойынша жұмыс жалғастырылуда.