Қазақстан • 29 Қаңтар, 2020

Алдағы күндерде ауа райы қандай болады?

865 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» РМК 30 қаңтар – 1 ақпанға  арналған ауа-райы болжамын жариялады.

Алдағы күндерде ауа райы қандай болады?

Қазақстанда қар жауу мен бұрқасынның көптен күткен тоқтатылуы республикаға Оралдан кеңейтілген суық антициклонның ығысуымен байланысты. Сондықтан алдағы үш тәулікте ауа райы жауын-шашынсыз, қаңтар айына тән солтүстік, орталық және шығыс облыстарында түнгі аяздармен 25…30°С, кей жерлерде 35°С күтіледі.

Оңтүстік және оңтүстік-шығыста түнде 5…10°С, кей жерлерде 13…22°С аязға дейін суытады.

Ал батыс облыстарына жылы атмосфералық фронттар ығыса бастап, жаңбыр, жылбысқы қар және ауа температурасының күрт жоғарылауы күтіледі.