Әлем • 29 Қаңтар, 2020

Қытайда коронавирустан қаза тапқандардың саны 132-ге жетті

174 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қытайда коронавирусты жұқтырғандардың саны 5 974 адам болса, оның 132-сі қаза тапқан. Бұл туралы РИА Новости ақпараттық агенттігі хабарлады.

Қытайда коронавирустан қаза тапқандардың саны 132-ге жетті

Агенттіктің мәліметінше, қазір инфекцияның расталған жағдайларының саны 5999 адамға жетті (күдікпен 9239 адам), оның 132-сі қайтыс болды, 104-і емделді.

Атипті пневмония алғаш рет 2002 жылдың қарашасында Қытайдың Гуандун провинциясында тіркелген. ДДСҰ мәліметтері бойынша, материктік Қытайда 5327 инфекция тіркеліп, 349 адам қайтыс болған. Жалпы 30 елде 8,5 мыңға жуық адам ауырып, 900-ден астамы қайтыс болғандар саны белгілі болған.

Қытайдан басқа, Оңтүстік Корея, Жапония, АҚШ, Таиланд, Канада, Вьетнам, Сингапур, Непал, Франция, Австралия, Малайзия, Камбоджа және Германияда да короновирус инфекциясы тіркелді.

Вирус тамшылар арқылы бір-екі метр қашықтықта, сондай-ақ лас қолдарды көзге тигізу арқылы жұқтырылады.

Негізгі белгілері - құрғақ жөтел, ентігу, тыныс жетіспеушілігі, қызба, әлсіздік. Алайда, кейбір жағдайларда ауру пневмониясыз өтеді. Ол сирек кездесетін құрғақ жөтелмен және төмен температурамен бірге жүреді. Бірақ жұмсақ белгілері болса да, науқас басқаларға жұқтыруы мүмкін.