Жауапты хатшы жиналғандардың назарына бірінші басшылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы, қаржылық тәртіпті сақтау және қатаң түрде қадағалануына назар аударып, сеніп тапсырылған учаскелердегі қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу жұмыстарын күшейтуді тапсырды.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жою үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аумақтық органдарымен және «Нұр Отан» партиясының филиалдарымен жүйелі түрде өзара әрекеттесуді қамтамыз ету қажет екендігін айтты.
Сонымен қатар, «Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі – адалдық алаңы» жобасы аясында Комитеттердің барлық аумақтық бөлімшелерінде көшпелі іс-шаралар өткізу жоспарлануда.
Сондай-ақ жиында заң қызметі және қаржы департаменттері басшыларының 2019 жылдың қорытындысы бойынша баяндамалары тыңдалды