Қоғам • 30 Қаңтар, 2020

Боранның қарбаласы бітпей тұр

197 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«QazAvtoJol» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Ұлан Әліпов Ақмола облысына қарасты Талапкер ауылына кіреберіс жолда республикалық маңызы бар автожолдарды қардан тазарту жұмыстарының барысы туралы баяндады.

Боранның қарбаласы бітпей тұр

Ұ.Әліпов бұл жұмыстар­ға ел көлемі бойынша жұ­мыл­­ды­рылған арнайы техникалардың санына тоқталып, жуырда қа­лааралық қай бағыттарға рұқсат берілетінін атап өтті.

– Қосшы, Қорғалжын бағы­тын­дағы жолдар ашылды. Кешке дейін елордадан Бурабайға, Қара­ғандыға қатынайтын жол­­дарды тазалап бітіреміз. Ертең Қостанай, Павлодар бағытын­­дағы жолдар тазаланады. Пав­­лодар бағытындағы жолда жұ­мыс ауқымы өте көп. Ерей­мен­тау аумағында қар қалың түсті. Осылайша ертең кешке дейін елордадан қаты­найтын бар­лық бағыттағы жолдар­ды таза­лап бітіреміз деп жоспар­лап отырмыз, – деді Ұ.Әліпов.

Оның айтуынша, Ақмола облысы бойынша жолдарды қардан тазартуға барлығы 105 арнайы техника мен 300-ге жуық адам жұмылдырылса, ел аумағындағы техника саны 800-ге жуықтап отыр.

Ұ.Әліпов қарлы боран қаһарына мінген өткен жексенбі күні Бурабайдан Нұр-Сұлтанға қатынаған біраз көлік қар құрсауында қалғанын айтты. Іле-шала «QazAvtoJol» ҰК» АҚ қызметкерлері Ішкі істер министрлігі Төтенше жағ­дайлар комитетінің қызмет­кер­лерімен бірлесе отырып, аталған құрылымдардың арнайы техникалары жолда қалғандарды бастап елордаға жеткізген. Ав­токөліктер легінде бас-аяғы 500-ге жуық автокөлік болған.