Аймақтар • 30 Қаңтар, 2020

Жұртты дүрліктірген жазба

1280 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше қызылордалықтарды таңертеңнен әлеуметтік желілерде «Облыс­тық жұқпалы аурулар ауруханасына коронавирус инфекциясын жұқ­тыр­ған адам жатқызылыпты» деп тараған жазба әбігерге салған еді. Жұртты дүр­ліктірген жағдайға байланысты түстен кейін брифинг өткізген маман­дар мәселенің мән-жайын ашып айтты.

Жұртты дүрліктірген жазба

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абду­саметов және тауарлар мен көр­се­тілетін қызметтердің сапа­сы мен қауіпсіздігін бақы­­лау департаменті бас­шы­­­сы­ның орынбасары Әлия Әбдіқайымова осы жылғы 28 қаңтар күні ыстығы көте­рі­ліп, дәрігерге қаралған бір азаматтың қазір облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында ем алып жатқанын жеткізді. Дәрігерлерді алаң­дат­қаны, оның 11-18 қаңтар аралы­ғында Қытай елінде ем алғаны болып шықты. 20 қаңтарда Қызылордаға жеткен жерлесіміз 8 күннен кейін ауруханаға түскен. Бір қуа­нарлығы, дәрігерлер кү­дігі расталмады. Қазір нау­қастың ыстығы түсіп, ем алуды жалғастыруда. Ви­ру­сологиялық зертхана мамандары да жерле­сіміз­дің қауіпті вирусқа шал­дық­па­ғанын растап отыр.  

 

Қызылорда облысы