30 Қаңтар, 2020

Өңірлік штабтың отырысы өтті

117 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алматыда қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың шешімімен қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров төрағалық ететін коронавирус инфекциясын таратуды ескерту бо­йынша Өңірлік штаб құрылды.

Өңірлік штабтың отырысы өтті

Штаб ел Үкіметінің ше­шімдерін орындау және Алма­тыда коронавирус инфекциясын таратуға жол бермеу бо­йынша ұлттық жос­парды жүзеге асыру үшін құрылды. Штаб Ден­сау­лық сақтау министрі Елжан Біртановтың және Қа­зақс­­тан­ның бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшиннің іс-қимыл­ды жалпы үйлестіруі бо­йынша жұмыс істейді.

Өңірлік штабтың алғашқы отырысы барысында Алматы қаласында санитарлық-эпиде­миологиялық және про­фи­ла­ктикалық шараларды кү­шей­тудің шаралары туралы мәселелер қаралды.

Бүгінде қалалық ведомст­воаралық жоспар әзірленді. Еліміздің тұрғыны көп мега­по­лисінің аумағына корона­вирус инфекциясының енуіне және тарауына жол бермеу мақсатында туристік және миграциялық лек бар­лық ба­ғыт­­тар бойынша ба­қы­лауға алынған. Вирус та­ра­ған елдерден келгендер халықаралық әуежай мен темір жол вокзал­да­рында міндетті түрде термо­мет­рия­дан өтеді. Бұл үшін жылувизорлары мен портативті индикаторлар қолданылады. Одан өзге, Алматы қаласы бетперделермен, дәрілік препараттармен, шприцтермен және басқада құралдармен жеткілікті қамтамасыз етілген. Медициналық заттардың қа­жетті резерві бар. Жалпы, қала­дағы жағдай тұрақты және үнемі қатаң бақылауда.

Отырыстың қорытындысы бойынша қала әкімінің орын­ба­­сары – штаб төрағасы Ержан Бабақұмаров өткізу пункт­те­рінде бақылауды кү­шей­ту бойынша бірқатар хатта­ма­лық тапсырмалар берді. Мем­лекеттік органдарға корона­вирус инфекциясының енуіне және тарауына жол бермеу шараларының Кешенді жос­парын орындауды және мониторинг жүргізуді қамта­масыз ету тапсырылды. Дәрі­лер мен медициналық заттарды, оның ішінде меди­ци­на­л­ық бетперделерді өткізу­­де бағалық келісімдерге жол бер­меудің барлық шараларын қа­былдау бойынша жеке тапсырма берілді.

Өңірлік штабтың отырысы аптасына бір рет және қажет болған жағдайда өтеді.