07 Тамыз, 2013

Әбіләзов Украина мен Ресейдің біріне берілуі мүмкiн

282 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Шілденің соңында Францияда қамауға алынған қазақстандық экс-банкир Мұхтар Әбіләзов Украинаға немесе Ресейге экстрадицияланып қалуы мүмкiн. Бұл туралы кеше өткізген баспасөз мәслихатында Бас прокуратураның ресми өкiлi Нұрдәулет Сүйiндiков мәлімдеді.

Шілденің соңында Францияда қамауға алынған қазақстандық экс-банкир Мұхтар Әбіләзов Украинаға немесе Ресейге экстрадицияланып қалуы мүмкiн. Бұл туралы кеше өткізген баспасөз мәслихатында Бас прокуратураның ресми өкiлi Нұрдәулет Сүйiндiков мәлімдеді.

«2 тамыз күні Қазақстан Респуб­ли­касының Бас прокуратурасы Әбіләзовті экстрадициялау туралы өтiнiш жолдады. Сондай-ақ, Украина мен Ресей құқық қор­ғау органдары француз билiгіне Әбі­лә­зовті iздеп, экстрадициялау туралы ниет білдіргені аян. Бұл үдерістер бiр-бiрiне қатыссыз жүргізілді және басқа мемлекеттердiң құзыреттi органдары айып тағып отырған тұлғаларды iздеп, ұстап беруді сұрау ниетiне байланысты шешiмдер қабылдауға араласуға немесе ықпал етуге ешкiмнiң де құқығы жоқ», – дедi Сүйiндіков.

Бас прокуратураның ресми өкiлi кү­дiктi тұлғаларды экстрадициялау мәсе­лелерi олар жасырынып жүрген елдердiң iшкi заңнамасымен және халықаралық келiсiмдермен реттелетiнiн сөз етті.

«Франция, Ресей және Украина 1957 жылғы 13 желтоқсанда Парижде жа­салған Құқық бұзушыларды ұс­тап беру туралы еуропалық Кон­вен­цияның қа­тысушылары болып табылады. Қазақстан Рес­публикасы бұл Кон­венцияға қатыс­пайды», – деді ол.

Нұрдәулет Сүйiндiков қазiргi таң­да француз билiгі халықаралық мiндет­те­мелерге сәйкес Мұхтар Әбіләзовті Украинаға экстрадициялау мәселесiн қарастырып жатқанын жеткізді. Со­ны­мен қатар, жоғарыда аталған Кон­венцияның негiзiнде ол Ресейге экстрадициялануы мүмкiндiгiн де жоққа шығармады.

Ресми өкiл Бас прокуратураның Әбі­ләзовті Қазақстанға қайтару мақсатына бар күшті жұмылдырып жатқанына назар аударды. «Бұған қажет мүмкiндiктердiң барлығын қолданамыз. Түпкiлiктi шешiмдi Франция қабылдайтын болады. Әбіләзов аса ауыр қылмыстарды Қазақстанда жасауына, оның үстiне ол Қазақстан азаматы болуына байланысты біз оның Қазақстанға экстрадициялануын талап етуге толық құқымыз бар», – деп атап өтті ол.

«БАҚ-та экстрадициялау мәселесi ұзаққа созылатыны туралы бiрнеше рет жазылды. Егер Әбіләзов Қазақстанға әкелінбейтін болса, оған байланысты елiмiздің қандай шаралар қабылдайтыны әзірге белгісіз. Бiз дәл қазiр оның Қа­зақ­станға жеткізілуін қатаң түрде талап ету­деміз», – деді ресми өкіл өз сөзінде.

Бұдан әрі: «1 тамызда Экс-ан-Про­ванс қаласының соты Францияның қыл­мыс­тық-процессуалдық заңнамасына сәйкес, Әбіләзовті 40 тәулiкке дейiн қамауда ұстауға санкция берді», – дедi Сүйiндiков.

Руслан ИГІЛІК.

Соңғы жаңалықтар