Көп жыл ұстаз болған Шарипа апай зейнетке шықса да кітапхана мен аудандық редакциядан байланысын үзбей келеді. Әр кезде газет ұжымына келіп, өткен тарих туралы жақсы мәліметтер береді. Жақында ол кісі үйлерінде арғы атасынан мұра болып қалған қасиетті Құран мен таспихтың бар екенін әңгімеледі.

Сол құнды жәдігерді көру мақсатында апайдың шаңырағына әдейі бас сұқтық. Үй иесі Құранды қастерлей ұстап отырып былай деді:
– Менің отағасым Исатайдың әкесі Ибрагим Мұлқашев 1890 жылы дүниеге келген. Сонау Кеңес өкіметінің алғашқы орнаған кезеңінде Қазталов өңірінің мектептерінде бала оқытқан. Атамыз ескіше оқуға да сауатты болған екен. Мына Құран мен таспих Ибрагим атамызға әкесінен қалған көрінеді. Сонда қанша жыл өткенін есептей беріңіз. Атамыздың өзі ұстаз бола тұра, әрі Кеңес өкіметі тұсында қызмет жасаса да Құран мен таспихты қастерлеп ұстаған. Қазіргі күнде бұл құнды дүниелер біздің әулетіміздің ең қастерлі мұрасы болып отыр, – деп аяқтады Шарипа апай өз әңгімесін.
Біз 200 жылға жақындап қалған құнды дүниені аялай сипап, үй иесімен жылы қоштастық.
Гүлфия КӨШБАЕВА.
Батыс Қазақстан облысы,
Қазталов ауданы.