07 Тамыз, 2013

Ақпараттар ағыны

230 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

*Қазақстанның алтын-валюта қоры шілдеде 89,8 млрд. долларға өсті. Бұл өсімнің 0,3 пайыз болғанын білдіреді. Осыған байланысты Ұлттық қордың активтері шілдеде 64,343 млрд. долларға дейін, яғни 1,41 пайызға артқан

*Қазақстанның алтын-валюта қоры шілдеде 89,8 млрд. долларға өсті. Бұл өсімнің 0,3 пайыз болғанын білдіреді. Осыған байланысты Ұлттық қордың активтері шілдеде 64,343 млрд. долларға дейін, яғни 1,41 пайызға артқан

*Қазақстан мектептерінде «ақылды» сыныптар ашылады. 2013 жылдың соңына дейін осындай екі сынып Астана қаласында және бір сынып Өскеменде іске қосылады.

* Өскеменде атақты жерлестерге ескерткіштер орнатылып, экологиялық саябақ жасалады. Қала күніне орай белгіленіп отырған шара барысында Александр Протозановқа, Ахат Күленовке, Оралхан Бөкейге ескерткіш қойылып, 10 қыркүйекке қарай Шешек асуы маңында экологиялық саябақ бой көтереді.

* Қостанайда шаруашылыққа арналған құрал-жабдық пен техниканың ауқымды көрмесі өтеді. Ертең, бейсенбі күні аукцион ұйымдастырылады. «ҚазАгро» ұлттық холдингінің еншілес компаниясы «ҚазАгромаркетинг» АҚ мұрындық болып отырған акцияға еліміздің түкпір-түкпірінен келген шаруа қожалықтары қатысады деп күтілуде.

* Ақтөбе облысының әкімі 122 балаға сыйлық жасады. Аймақ басшысы Архимед Мұхамбетов мұны облыс орталығындағы «Ақтөбе» қайырымдылық пансионатында тәрбиеленушілерге көрсетті.

* «Жезқазған-Сексеуіл» темір жол учаскесі іске қосылғанда 700 жұмыс орны ашылады. Бұл туралы Қызылорда облысына жұмыс сапарымен келген «Қазақстан темір жолы» ҰК» акционерлік қоғамының президенті Асқар Мамин мен Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаевтың Сексеуіл кентіндегі кездесуі кезінде айтылды.

* Павлодар облысында браконьер­лер­ден 174 қап бағалы шаян тәркіленді. Лебяжі ауданындағы Ақсор көлі жағалауында полицейлер екі браконьерді ұстап, олардың қоржынынан осыншама заңсыз ауланған жәндіктерді тапты.

«ҚазАқпарат», «Қазақстанжаңалықтары», Bnews.kz, TengriNews, EgemenNews хабарларыбойыншадайындалды.

Соңғы жаңалықтар