Жуырда облыс орталығындағы жүкті аналар мен салмақтары аз нәрестелер емделетін №1 перинаталдық орталық жаңа медициналық құрал-жабдықтармен толықты. Жалпы құны 18 миллион теңге тұратын бұл заманауи медициналық құрал-жабдықтарды «Тыныс ал, балақай!» жобасы аясында «Аяла» қайырымдылық қоры сыйға тартты. Сөйтіп, еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі мен «Аяла» қайырымдылық қоры арасындағы жасалған өзара ынтымақтастық туралы меморандумға сәйкес, облыстық перинаталдық орталықтың жансақтау бөліміне 27 қондырғы орнатылды.

Бұл қадамның ана мен бала өлімінің азаюына, денсаулықтарының жақсаруына әсер етері сөзсіз.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарына қарағанда, облыста ана мен бала өлімі көрсеткіші төмендеген. Бірақ, өкінішке қарай, салмағы аз болып туатын балалардың саны жыл сайын көбейіп келеді. Сондықтан бұл жабдықтар орталық үшін аса қажет көрінеді. Ал, «Аяла» қайырымдылық қорының вице-президенті Жангелді Сәрсеновтің айтуынша, халық көп жүретін қоғамдық орындарда «Тыныс ал, балақай!» деген жазуы бар арнайы жәшіктер орнатылыпты. Жиналған қаржыға медициналық құралдар сатып алынады. Бөбектерге, аналарға қолұшын беремін деушілерге осындай мүмкіндік жасалыпты.
Фарида БЫҚАЙ,
«Егемен Қазақстан».
Павлодар облысы.