07 Тамыз, 2013

Еңсеру

526 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Қазақстан-2050» Стра­тегиясында мемлекетіміздің тәртіпсіздікке мүлдем төзбеушілік принципін ұстануға тиіс екенін қадап айта отырып, дамыған қоғамның барлық жерде тәртіп пен реттілік орнатудан басталатынына айрықша назар аударды. Осыған орай Президент құқық қорғау органдарына ең ұсақ құқық бұзушылықтың өзімен ымырасыз күресу керектігін тап­сыр­ды. Өйткені, осылардың бәрі қо­ғамның тыныштығын бұ­зып, өмірдің келбетіне кө­лең­ке түсірер еді. Қызылорда об­лыс­тық прокуратурасы өзінің қа­зір­гі таңда жұмыс дәстүрін осы талап пен тәртіптің тарапын­да ұйым­дас­тыруға күш жұмыл­дырып келеді.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Қазақстан-2050» Стра­тегиясында мемлекетіміздің тәртіпсіздікке мүлдем төзбеушілік принципін ұстануға тиіс екенін қадап айта отырып, дамыған қоғамның барлық жерде тәртіп пен реттілік орнатудан басталатынына айрықша назар аударды. Осыған орай Президент құқық қорғау органдарына ең ұсақ құқық бұзушылықтың өзімен ымырасыз күресу керектігін тап­сыр­ды. Өйткені, осылардың бәрі қо­ғамның тыныштығын бұ­зып, өмірдің келбетіне кө­лең­ке түсірер еді. Қызылорда об­лыс­тық прокуратурасы өзінің қа­зір­гі таңда жұмыс дәстүрін осы талап пен тәртіптің тарапын­да ұйым­дас­тыруға күш жұмыл­дырып келеді.

Біз бұл сөзіміздің дәлелі ре­тін­де облыс прокуратура ор­ган­дары жыл басынан жүргізген 535 тексерудің нәтижесінде 19907 заң бұзушылықты анықтап, 10812 аза­маттың конституциялық құ­қық­тары мен заңды мүдделері қор­ғалғанын, сол арқылы 3 млрд. 39 млн. теңге қаржының мемлекет пайдасына өндірілгенін айта ала­мыз. Осы уақыт аралығында анық­тал­ған заң бұзушылықтар бойын­ша 626 ұсыныс енгізіліп, заң бұзушылықтарды жою үшін берілген 32 ұйғарым орындалды, 158 наразылық пен 1 908 заңға қайшы кесімдер бұзылып, 2008 тұлға әртүрлі жауапкершілікке тартылды.

Облыстық прокуратураның бұл ыңғайда айрықша назар аударып отырғаны азаматтардың еңбек құқықтарының сақталуын қадағалау болып отыр. Бұл тарапта атқарылған жұмыстар нәтижесінде биылғы жылдың өткен мерзімінде 23 мекеменің 2566 жұмысшы алдындағы 174,1 млн. теңге жалақы қарызының төленуі қамтамасыз етіліп, еңбек заңнамасын бұзған 43 тұлға әкімшілік жаза алды. Мұның қабатында бір кәсіпорында бірдей қызмет атқаратын елі­міз тұрғындары мен шетел аза­мат­­тарына еңбекақы төлеудегі айыр­машылықтар жайы да назардан тыс қалған жоқ. Тексеру барысында мұндай заң бұзушылықтардың 7 кәсіпорында орын алғаны анықталып, облыстық прокуратура енгізген 2 ұсыныстың негізінде 8 тұлға әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Аймақ прокурорларының бас­ты міндеттерінің бірі сыбай­лас жемқорлыққа қарсы күрес. Есепті мерзімде бұл бағыттағы заң бұзушылықтарға жол берген 28 тұлғаға тәртіптік жауап­кер­шілік шаралары жүзеге асы­рылды. Соның арқасында қол­данылған прокурорлық ықпал ету шараларының нәтижесінде мемлекет бюджетіне 13 млн. теңге өндірілді. Сол сияқты, сыбайлас жемқорлық сипатында 3 қылмыстық іс қозғалды. Мұның орайында біз бір ұшында сыбайлас жемқорлықтың ұштығы көрініп қалатын кәсіпкерлікті жөнсіз тексерулерден құтқару бағытында да бірқатар жұ­мыс­тарға қол арттық. Айталық, биылғы жылдың алғашқы жартысында бұл тақырыпта 30 тексеру жүргізіп, анықталған 455 заң бұзушылық негізінде 3 наразылық пен 21 ұсыныс енгіздік. Ал олардың қаралу қорытындысымен 25 заң­сыз актінің күші жойылып, 43 тұл­ға тәртіптік және 3 тұлға әкімшілік жауапкершіліктерге тартылды. Мұның бәрі 213 кәсіпкердің құ­қық­тары қорғалуына қол жеткізді.

Прокуратура қызметкерлері осы аралықта кедендік бақы­лау департаменті қызме­ті­не жүр­гізілген тексеру қо­ры­тындысында контра­бан­далық ай­ғақ зат болып танылған 4 ав­тө­кө­ліктің заңсыз бо­сатылғанын анық­тап, қаржы поли­циясы органдарына жолданған тексеру құжаттары негізінде 4 қылмыстық іс қоз­ға­ды. Ал салық заңнамалары та­лаптарының сақталуы бойынша жүргізілген 11 тексерудің нәтижесімен 44 заң бұзушылық анықталды. Мұның ағымында 13 заңдылықты бұзушылықты жою туралы ұсыныс енгізіліп, олардың қаралу қорытындысымен 7 адам тәртіптік, 12 адам әкімшілік жауаптылықтарға тартылды. Ал соңында мемлекеттік бюджетке 3 млрд. теңге қаржы өндірілді. Жалпы, облыстық прокуратура органдары салық салу саласында бірқатар өнікті жұмыстар атқарды. Мысалы, «Талмас Қы­зыл­орда» ЖШС-мен 184 млн. тең­геге қосымша құн салығын төлеуден жалтару фактісі бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 222-б

Соңғы жаңалықтар