07 Тамыз, 2013

Жауынгерлік кеме теңіз жорығынан оралды

311 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Әскери-теңіз күш­терінің «Қазақстан» зымырандық-артиллериялық кемесінің экипажы кемелік-жауынгерлік оқу-жаттығу барысында жоғары баға алды. Ашық теңізге шыққан Қазақстан Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің әскери қызметшілері ашық теңізде тактикалық сценарийге сәйкес, кемеге шартты түрде әуеден және катерден шабуылды тойтарды. Шартты түрде жаппай зақымдау қаруы, теңіз миналары қолданылуына қарсы әрекет етті, іздестіру-құтқару іс-шараларын жүргізді. Бұл әскери іс-қимылдар «жеке кемемен теңіз ұрысын жүргізу» жаттығуының шеңберінде жасалды.

Капитан-лейтенант Ер­ке­­бұлан Дәр­кенбаев бас­қар­­­ған «Қазақстан» зы­­­мы­рандық-артиллериялық ке­­­­­­­­­­­месінің экипажы қойылған мін­­­­детті нық сеніммен орындап шықты. «Теңізшілер кемені бас­қару мен кемеде бар атыс құ­ралдарын қолданудың жақсы дең­гейін көрсетті», – деп әскери-теңіз ба­­засының командирі бірінші дә­режелі капитан Сәкен Мансұров баға берді.

Әскери теңізшілердің жат­тығулары Каспий теңізінің айдынында жоспар бойынша жалғаса бермек. ҚР ҚК ӘТК кемелерінің экипаждары жауынгерлік дайындық қарқынын арттырып, жаңа міндет­терді орындауға әзірленуде. Қа­зақ­стан Қарулы Күштері Әс­ке­ри-теңіз күштерінің сапында ги­дрографиялық, ракеталық-ар­тил­лериялық, мина тралдаушы ке­мелер бар. Ал «Қазақстан» зы­мырандық-артиллериялық ке­месі отандық қорғаныс-өнер­кәсіптік кешенінің алғашқы өнімі. Биыл сәуір айында «Зенит» зауытында тағы да бір «Орал» атты әскери кеме құрастырылып шықты. Бұл кеменің экипажы да өздерінің міндеттерін атқаруға кірісті.

«Егемен-ақпарат».

Соңғы жаңалықтар