Алматы облысы бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес (қаржы полициясы) департаментінің қызметкерлері ҚР ҚК 190-бабы, 1-тармағы «Заңсыз кәсіпкерлік» және 286-бабы, 2-тармағы «Жер қойнауын қорғау және пайдалану ережелерін бұзу» бойынша «ҚҰМ КЕН ИНВЕСТ» ЖШС бас директоры Әбділді Оразға қатысты қылмыстық істі тергеу амалдарын аяқтады. Аталған кәсіпкер Іле ауданы аумағында заңсыз кәсіпкерлікпен айналысып, тиісті орындардың ешқандай рұқсатынсыз жер қойнауын пайдаланып, тас-құм қоспаларын қазып, тасып, сатып табыс тауып, мемлекетке 543 млн. теңге көлемінде шығын келтірген. Бүгінгі таңда қылмыстық іс Іле аудандық сотының қарауына түсті.
Нұрбол ӘЛДІБАЕВ,
«Егемен Қазақстан».
Алматы облысы.