Аймақтар • 31 Қаңтар, 2020

Қар жауған экологияға пайдалы - экологтар

458 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыс әкімі Әбілқайыр Сқақаов өткізген әкімдік жиынында өңірлік басқармаларға, аудан әкімдеріне ауылдарды, автомобиль жолдарын қардан тазарту және қар шығару - басты мәселелердің бірі екенін атап өтті.

Қар жауған экологияға пайдалы - экологтар

Ал жергілікті ауа-райын бақылаушы метеорологтардың мәліметінше, қаңтар айында өңірімізде қар нормадан бір жарым-екі есеге артық түскен.

Сондықтан, Әбілқайыр Сқақов өңірде және облыс орталығында қарды жинау және шығару жұмыстарын жеделдетуді  талап етті.

Яғни, бұл іске коммерциялық құрылымдар мен қоғам өкілдерін тарту қажет.

Бірақ, қардың жауғаны, қардың қалың түскені, көп түскені, көп жауғаны-табиғаттың, жаратылыстың  жерге жіберген сыйы. Қар еріп, жерге сіңеді. Бұрын қар жауса  қуанушы едік. Жақсылыққа ырымдайтын. Қар тоқтату деген болды. Қазір қардан тазарту, қар  жинау деген шықты.  

Қазір бәрін қардан тазалап, қарды қалың сыртына шығарып тастайды. Ал, көктем кезінде  қала іші дымқыл жоқ,  шаңы шыңып, құрғап жатады.

- Жылдам ериді. Сондықтан, қарды тоқтатып, ағаштар  түбіне  үйіп, ұстаған жақсы, - дейді экологтар.

Қоршаған ортасы күл басқан өндірісті өңірлер үшін қардың мөлшерден тыс жауғаны  да жақсы.

Павлодар