07 Тамыз, 2013

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы № 320

530 рет
көрсетілді
19 мин
оқу үшін

2013 жылғы 2 сәуір,   Астана, Үкімет Үйі

Діни қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту және «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

 

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексiнiң 34-бабына, «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-1, 15-1, 15-2-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Қоса берiлiп отырған:
1) «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы шешім беру» мемлекеттiк қызметтер көрсету стандарты;
2) «Ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни жораларды өткізуге арналған үй-жайлардың орналастырылуын келісу туралы шешім беру» мемлекеттiк қызметтер көрсету стандарты бекiтiлсiн.
2. «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi № 745 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 44, 401-құжат) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмi:
мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрлерi 573, 574-жолдармен толықтырылсын:
«
573    Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де      Жеке және заңды тұлға-    ДІА    Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының     Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының     Қағаз түрінде (шешім)


    ақпараттық материалдар-ды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасты-рылуын бекіту туралы шешім беру    лар        ішкі саясат басқармалары    ішкі саясат басқармалары    
574    Ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни жораларды өткізуге арналған үй-жайлардың орналасты-рылуын келісу туралы шешім беру    Заңды тұлға-лар    ДІА    Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ішкі саясат басқармалары     Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ішкі саясат басқармалары     Қағаз түрінде (келісім хат)


 ».
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі         С.АХМЕТОВ.

Қазақстан Республикасы  Үкіметінің 2013 жылғы 2 сәуірдегі  №320 қаулысымен бекітілген

«Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы шешім беру» мемлекеттiк қызметтер көрсету стандарты

1. Жалпы ережелер
1. «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы шешім беру» мемлекеттiк қызметін мекенжайлары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың ішкі саясат басқармалары (бұдан әрi – басқармалар) көрсетедi.
 2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
 3. Мемлекеттiк қызмет «Дiни қызмет және дiни бiрлестiктер туралы» 2011 жылғы 11 қазандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 4) тармақшасы негiзiнде жүзеге асырылады.
 4. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi туралы толық ақпарат облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының интернет-ресурстарында орналастырылады.
5. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтің нәтижесi діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы шешім не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы қағаз жеткізгіштегі дәлелді жауап болып табылады.
6. Мемлекеттiк қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттiк қызметтi алушылар) көрсетiледi.
7. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi:
1) мемлекеттiк қызметтi алушы осы стандарттың 11-тармағында айқындалған қажеттi құжаттарды тапсырған сәттен бастап:
діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жай лардың орналастырылуын бекіту не мемлекеттік қызметтер көрсетуден бас тарту туралы шешім алу үшiн – күнтiзбелiк отыз күн;
2) мемлекеттiк қызметтер көрсетуді алу үшін құжаттар пакетiн тапсырғысы келетін мемлекеттiк қызметтi алушының рұқсат берiлген ең ұзақ күту уақыты – 30 минуттан аспайды;
3) мемлекеттiк қызметтi алушыға өтiнiш жасаған күнi сол жерде көрсетiлетiн қызмет көрсетудің рұқсат берiлген ең ұзақ уақыты – 30 минуттан аспайды.
8. Мемлекеттiк қызмет тегiн көрсетiледi.
 9. Басқармалардың жұмыс кестесi: 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексiнде және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген демалыс және мереке күндерiнен басқа, күн сайын, түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн.
 Құжаттарды қабылдау кезек тәртiбiмен, алдын ала жазылусыз және жеделдетiлген қызмет көрсетусiз жүзеге асырылады.
 10. Мемлекеттiк қызмет басқармалардың ғимаратында көрсетiледi. Басқармалардың үй-жайларында күту және құжаттарды дайындау залы, күтуге арналған креслолар, толтырылған бланк үлгiлерi бар ақпараттық стендiлер болады. Мүмкiндiгi шектеулi мемлекеттiк қызметтi алушыларға қызмет көрсету үшiн жағдайлар көзделген.

2. Мемлекеттiк қызметті көрсету тәртiбi
11. Мемлекеттік қызметтер көрсетуді алу үшін мемлекеттік қызметті алушы мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
2) жеке тұлғалар үшiн – салыстырып тексеру үшiн құжаттардың түпнұсқасын мiндеттi түрде ұсына отырып, жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi немесе заңды тұлғалар үшiн – салыстырып тексеру үшiн құжаттардың түпнұсқасын мiндеттi түрде ұсына отырып, заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктiң көшiрмесi;
3) салыстырып тексеру үшiн құжаттардың түпнұсқасын мiндеттi түрде ұсына отырып, жылжымайтын мүлік объектісіне меншiк құқығын куәландыратын құжаттың көшiрмесi не салыстырып тексеру үшiн құжаттардың түпнұсқасын мiндеттi түрде ұсына отырып, меншік иесінің жылжымайтын мүлік объектісінде діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды таратуға келісімі көрсетілетін меншік иесімен жасалған оны жалдау шартының нотариалды расталған көшiрмесi.
12. Өтiнiштердің үлгiлерi облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының стенділерінде және интернет-ресурстарында орналастырылған.
13. Мемлекеттiк қызметтер көрсетуді алу үшін қажеттi құжаттар мекенжайлары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген басқармаларға тапсырылады.
14. Басқармалардың құжаттамалық қамтамасыз ету қызметiнiң тiркеу мөртабаны (кiрiс нөмiрi, күнi) қойылған мемлекеттiк қызметтi алушы өтiнiшiнiң көшiрмесi осы стандарттың 11-тармағында көрсетiлген құжаттардың өткiзiлгенiн растау болып табылады.
15. Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы шешiм мемлекеттiк қызметтi алушыға (не сенiмхат бойынша өкiліне) осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген мекенжайларға жеке өзi келгенде берiледi не мемлекеттiк қызметтi алушы көрсеткен мекенжайға поштамен жiберiледi.
16. Мемлекеттiк қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіз мыналар болып табылады:
1) осы стандарттың 11-тармағының талаптарына сәйкес келмейтін құжаттардың ұсынылуы;
2) осы стандарттың 11-тармағында көзделген құжаттарда дәйексіз мәлiметтердiң ұсынылуы;
3) тиісті аумақта теріс діни ахуалдың анықталуы;
4) діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайларға қатысты заңнама талаптарының сақталмауы.

3. Жұмыс қағидаттары
17. Басқармалар мемлекеттiк қызметтер көрсетуді ұсыну кезiнде мынадай қағидаттарды басшылыққа алады:
адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау;
заңдылықты сақтау;
көрсетiлетiн қызмет туралы толық ақпарат беру;
сыпайылық;
құжаттарды сақтауды, ақпаратты қорғау мен оның құпиялылығын сақтауды қамтамасыз ету.

4. Жұмыс нәтижелерi
18. Мемлекеттiк қызметтi алушыларға мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерi осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiмен өлшенедi.
19. Басқармалардың жұмысы бағаланатын мемлекеттiк қызметтердiң сапасы мен тиiмдiлiгi көрсеткiштерiнiң нысаналы мәндерi жыл сайын жергiлiктi атқарушы органдардың шешімдерімен бекiтiледi.

5. Шағымдану тәртiбi
20. Басқармалар қызметкерлерiнiң әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбiн түсiндiру, сондай-ақ шағымды дайындауға жәрдем көрсету осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген мекенжайлар мен телефондар бойынша жүзеге асырылады.
21. Көрсетiлген қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда шағым осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген байланыс деректерi (мекенжайлар мен телефондар) бойынша басқарма басшысының атына жазбаша нысанда пошта бойынша не қолма-қол берiледi.
 22. Мемлекеттiк қызметтi ұсыну кезiнде мемлекеттiк қызметтi алушыларға дөрекi қызмет көрсетiлген жағдайда басқармалар қызметкерлерiнiң әрекетiне шағым осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген мекенжайлар бойынша басқарма басшысының атына жазбаша нысанда пошта бойынша не қолма-қол берiледi.
 23. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда мемлекеттiк қызметтi алушы заңнамада белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқылы.
 24. Мемлекеттiк қызметтi алушының шағымында оның тегi, аты, әкесiнiң аты, ұйымның атауы (заңды тұлғалар үшiн) пошталық мекенжайы көрсетiледi. Шағымға мемлекеттік қызметті алушы қол қояды.
 25. Шағымды басқармалардың құжаттамалық қамтамасыз ету қызметi тiркейдi. Шағым берушi тұлғаға күні мен уақыты, өтiнiштi қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнi, шағымға жауап алу күні көрсетiлген қолхат берiледi. Шағымды қарау барысы туралы ақпаратты басқармалардың құжаттамалық қамтамасыз ету қызметiнiң лауазымды адамдары ұсынады.
Шағымдарды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген тәртiппен және мерзiмде жүзеге асырылады.

«Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды,  діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы шешім беру» мемлекеттiк  қызметтер көрсету стандартына  1-қосымша

Мемлекеттiк қызметтер көрсететiн басқармалардың тiзбесi

Р/с
№    Атауы    Мекенжайы    Телефон нөмiрлерi    Жұмыс кестесi
1    2    3    4    5
1.    Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы    Көкшетау қаласы,
Сәтбаев көшесi, 1б,
www.uvp.akmol.kz    8 (7162)
25-72-47    Жұмыс күндерi: дүйсенбi – жұма. Жұмыс уақыты: түскi үзiлiспен сағ. 09.00-ден 18.00-ға дейiн. Демалыс күндерi: сенбi, жексенбi
2.    Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасы    Ақтөбе қаласы, Әбiлқайыр хан даңғылы, 40, www.aktobe.gov.kz    8 (7132)
56-26-69,
56-25-26    
3.    Алматы облысының ішкі саясат басқармасы    Талдықорған қаласы, Тәуелсіздік көшесi, 38
www.zhetysu-gov.kz/    8 (7282)
24-29-90,
27-77-22    
4.    Атырау облысының ішкі саясат басқармасы    Атырау қаласы, Әйтеке би көшесi, 77 www.e-atyrau.kz    8 (7122)
354-088,
270-996    
5.    Шығыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы    070019, Өскемен қаласы, Горький көшесi, 40 akimvko.gov.kz/    8 (7232)
26-42-54    
6.    Жамбыл облысының ішкі саясат басқармасы    Тараз қаласы, Достық даңғылы 1, www.zhambyl.kz/    8 (7262)
43-71-74,
43-71-70    
7.    Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы    Орал қаласы, Молдағалиева көшесі, 215 www.westkaz.kz/    8 (7112)
50-02-36    
8.    Қарағанды облысының ішкі саясат басқармасы    100012, Қарағанды қаласы, Бейбітшілік гүлзары көшесі, 39 www.karaganda-region.kz    8 (7212)
56 19 80,  42 50 38,
41 08 00, 42 34 40    
9.    Қостанай облысының ішкі саясат басқармасы    110000, Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 66 www.kostanay.gov.kz    8 (7142)
57-54-12    
10.    Қызылорда облысының ішкі саясат басқармасы    Қызылорда қаласы,
Ы. Жақаев көшесі, 76 www.e-kyzylorda.gov.kz/    8 (7242)
27-73-62    
11.    Маңғыстау облысының ішкі саясат басқармасы    Ақтау қаласы, 14 шағын ауданы, 1-үй www.mangystau.kz    8 (7292)
42-13-00    
12.    Павлодар облысының ішкі саясат басқармасы    Павлодар қаласы, Жеңiс даңғылы, 15-үй www.pavlodar.gov.kz/    8(7182)
32-22-88    
13.    Солтүстiк Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы    Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесi, 58, www.sko.kz/    8 (7152)
36-54-99    
14.    Оңтүстiк Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы    Шымкент қаласы, Бейбiтшiлiк көшесi, 3 www.ontustik.gov.kz    8 (7252)
33 97 93    
15.    Алматы қаласының ішкі саясат басқармасы    Алматы қаласы, Республика алаңы, 4,
613-каб., www.almaty.kz/    8(727)
271-65-57    
16.    Астана қаласының ішкі саясат басқармасы    Астана қаласы, Бейбітшілік көшесi, 11 www.astana.kz/    8 (7172)
71-00-00    

«Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы шешім беру» мемлекеттiк қызметтер көрсету стандартына 2-қосымша


______________________________әкімі
(облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, тегi, аты-жөні)

өтiнiш берушi
___________________________________
____________________________________
____________________________________
(жеке тұлғалар үшiн тегi, аты, әкесiнiң аты, мекенжайы және телефоны, заңды тұлғалар үшiн заңды тұлға басшысының тегi, аты, әкесiнiң аты, атауы, пошталық мекенжайы және телефоны)
 
ӨТIНIШ

Сізден __________________________ мекенжайы бойынша орналасқан діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы шешім беруді сұраймын.

 
Өтініш берушінің (жеке тұлғаның
не заңды тұлға басшысының) қолы

күнi, мөрi (заңды тұлғалар үшін)


«Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы шешім беру» мемлекеттiк  қызметтер көрсету стандартына  3-қосымша

Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткiштерiнiң мәндерi
Сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерi    Көрсеткiштiң нормативтiк мәнi    Көрсеткiштiң алдағы жылғы нысаналы мәнi    Көрсеткiштiң есептi жылдағы ағымдағы мәнi
1    2    3    4
1. Уақтылылығы
1.1. Құжатты тапсырған сәттен бастап белгiленген мерзiмде қызметтi ұсыну жағдайларының %-ы (үлесi)            
2. Сапасы
2.1. Қызметтi ұсыну процесінің сапасына қанағаттанған мемлекеттiк қызметтi алушылардың %-ы (үлесi)            
3. Қолжетiмдiлгi
3.1. Қызметтi ұсынудың сапасына және оны ұсыну тәртiбi туралы ақпаратқа қанағаттанған мемлекеттiк қызметтi алушылардың %-ы (үлесi)            
3.2. Ақпаратқа электрондық форматта қол жеткiзуге болатын қызметтердiң %-ы (үлесi)            
4. Шағымдану үдерiсi
4.1. Қызметтiң осы түрi бойынша қызмет көрсетiлген тұтынушылардың жалпы санына негiздi шағымдардың %-ы (үлесi)            
5. Сыпайылық
5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған мемлекеттiк қызметтi алушылардың %-ы (үлесi)            

Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2013 жылғы 2 сәуірдегі  №320 қаулысымен бекітілген

«Ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни жораларды өткізуге арналған үй-жайлардың орналастырылуын келісу туралы шешім беру»
мемлекеттiк қызметтер көрсету стандарты

1. Жалпы ережелер
1. «Ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни жораларды өткізуге арналған үй-жайлардың орналастырылуын келісу туралы шешім беру» мемлекеттiк қызметін мекенжайлары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың ішкі саясат басқармалары (бұдан әрi – басқармалар) көрсетедi.
 2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
 3. Мемлекеттiк қызмет «Дiни қызмет және дiни бiрлестiктер туралы» 2011 жылғы 11 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 4) тармақшасы негiзiнде жүзеге асырылады.
 4. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi туралы толық ақпарат облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының интернет-ресурстарында орналас­тырылады.
 5. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет нәтижесi ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни жораларды өткізуге арналған үй-жайлардың орналастырылуын келісу туралы келісімхат (бұдан әрі – келісімхат) не облыстар, республикалық маңызы бар қала және астана әкімінің мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы қағаз жеткізгіштегі дәлелді жауабы бар хаты болып табылады.
 6. Мемлекеттiк қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттiк қызметтi алушылар) көрсетiледi.
7. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi:
1) мемлекеттiк қызметтi алушы осы стандарттың 11-тармағында айқындалған қажеттi құжаттарды тапсырған сәттен бастап:
келісімхатты не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы хатты алу үшiн – күнтiзбелiк отыз күн;
2) мемлекеттiк қызметтер көрсетуді алу үшін құжаттар пакетiн тапсырғысы келетін мемлекеттiк қызметтi алушының рұқсат берiлген ең ұ

Соңғы жаңалықтар