Кәсіпқой бокс • 31 Қаңтар, 2020

Кәсіпқой бокс: Андраде чемпиондық атағын қорғап қалды

361 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ-тың Майами қаласында өткен кәсіпқой бокс кешінің басты жекпе-жегінде WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атағы сарапқа салынды.

Кәсіпқой бокс: Андраде чемпиондық атағын қорғап қалды

Бұл бәсекеде 31 жастағы америкалық Деметриус Андраде мен 32 жастағы ирландиялық Люк Килэр күш сынасты. 2007 жылы Чикагода 69 кило салмақ дәрежесі бойынша әлем чемпионы атанып, 2008 жылы Бейжің Олимпиадасының ширек финалында сүрінгеннен кейін АҚШ боксшысы кәсіпқой рингте күш сынасуға бел буған еді. Сол кезден бері ол 28 кездесудің барлығында жеңғіске жетіп, 17 қарсыласын есінен тандырды. Бірнеше рет чемпиондық атаққа қол жеткізді.

Люк Килэр болса, 2013 жылдан бері кәсіпқойлар арасында бақ сынап жүр. Барлығы 21 рет шаршы алаңға көтерілген ол 17 рет жеңіске жетіп, бес бәсекені мерзімінен бұрын аяқтады. Үш рет ұтылып, тағы бір кездесудің нәтижесі есепке алынған жоқ.

АҚШ пен Ирландия өкілдері арасындағы бәсекенің алғашқы екі раундында алғашқысы қарсыласын екі рет нокдаунға жіберді. Одан кейін есін тез жиған Килэр барынша қарсылық көрсетті. Десек те тоғызыншы раундта Андраде оны ауыр соққылардың астына алды. Төреші көп ойланбастан жекпе-жекті тоқтату жөнінде шешім қабылдады.