«Қаллеки» театрының әртістері музыкалық қойылымды Фариза Оңғарсынованың 80 жылдығына арнады. Олар автордың әр жылдары отанға деген лирикалық өлеңдеріне негізделген туындыларын көрермен назарына жеткізуді басты мақсат етіп алды.
Бақыт Исабекова, Сырым Қашқабаев, Жәнібек Мұсаев, Айман Карпсаитова, Инабат Әбенова, Шах-Мұрат Ордабаев, Жанат Оспанова секілді театр әртістері Фариза Оңғарсынованың сүйіспеншілік пен философиялық туындыларды сүйетінін еске салды.
Режиссерлер Болат Ұзақов пен Нұрлан Жұманиязов ақын өмірбаянының негізгі кезеңдеріне тоқталып, сонымен бірге балалық шақтың, жасөспірімнің және ересектік кезеннің маңызды оқиғаларын керемет суреттей білді. Театрландырылған қойылымда ұсынылған орасан зор шығармашылық мұра жиналған қауымға алғашқы махаббат сезімін, қоштасу зарын, табиғаттың сұлулығы, адамгершілік пен рухани құндылық сабақтастығын көрсете білді.
Еңбек сіңірген қайраткер, басты рөлді сомдаушы Алтынай Нөгербек дайындық барысында жазушының болмысын жан-жақты көрсетуге тырысқанын айтты.
«Әр оқырманның өзінің Фариза Оңғарсыновасы бар. Оның романтикалық өлеңдерінде әрбір қазақ өзін, отан тарихын тани алады. Ол нағыз патриот болды, халқын қатты жақсы көрді, өзінің бүгіні мен болашағы үшін алаңдады. Ол уақытты нәзік сезінді, өлеңдерінде өз дәуірінің қайталанбас тағдырлары мен кейіпкерлерін дәл көрсете білді. Ақынның образы бойынша жұмыс жасай отырып, мен көпшілікке ең бастысы - оның жеке басының тәжірибесі мен дана ойларын жеткізгім келді», деді ол.