Сонымен қатар форумның модераторы Орталық Азия, Әзірбайжан, Монғолия аймақтық директоры Андрей Беклемишев, БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Ф.Хохшильд, Ұлыбритания мемлекеттік цифрлық қызметінің директоры Крис Фергюсон, Amazon Web Services трансформация бойынша директоры Л.Максвелл, «01 Edu system» негізін қалаушы Н. Садирак ықпалдастық елдерінде жасанды интеллект бойынша үлкен жұмыстардың жасалып жатқандығын жеткізді.
Спикерлер әсіресе жасанды интеллектің медицинадағы, ауыл шаруашылығындағы, климаттағы өзгерістерді анықтаудағы болжамдарға тоқталды. Адамзатқа төнетін сын-қатерлер, урбанизация, автомобиль өндірісіндегі, банк секторындағы жасанды интеллектің әлеуеті зор, деп атап өтті. 2030 жылға дейін ІТ шешімдер, энергияның 30 пайызын тұтынатын болады. Сондықтан да экономиканы дұрыс басқару тетігіндегі жасанды интеллект жұмыстары айтарлықтай басымдыққа ие. «Digital Almaty: жаһандық экономиканың цифрлық болашағы» халықаралық форумы ЕАЭО елдерінің жасанды интеллект саласындағы тәжірибе алаңына айналып, ары қарайғы ынтымақтастық келісімдерді нығайту мәселесін талқылады.
Форум аясында ЕАЭО «Digital Almaty Awards» байқауы бойынша «Қала үшін үздік ІТ шешім», «Үздік стартап-жоба», «Big Data – жыл компаниясы», «Мемлекеттік сектордағы үздік ІТ жоба», «ІТ – жыл әйелі»,«Жылдың IT чемпионы» аталымының жеңімпаздары марапатталды.