07 Тамыз, 2013

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы № 618

392 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

2013 жылғы 18 маусым, Астана, Үкімет Үйі

«Экспорттық бақылауға жататын өнімнің номенклатурасын (тізімін) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 5 ақпандағы № 104 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Экспорттық бақылауға жататын өнімнің номенклатурасын (тізімін) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 5 ақпандағы № 104 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 5, 57-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген экспорттық бақылауға жататын өнімнің номенклатурасында (тізімінде):
«Екі ұдай қолданылатын (мақсаттағы) тауарлар мен технологиялар» деген бөлімде:
1-санат «Материалдар, химикаттар, «микроорганизмдер» мен уыттар деген кіші бөлімде:
мынадай мазмұндағы 1А301-бөлікпен толықтырылсын:
«1А301. Уыттарды немесе патогенді микроағзаларды кептіруді қамтамасыз ететін тозаңдату құрғатқышына арналған және мынадай сипаттамалары бар құрал-жабдық:
1) буланған ылғалдылық бойынша өнімділігі 0,4 кг/сағ 400 кг/сағ дейін;
2) орташа типтік өлшемі 10 мкм және штаттық жарақтандырудан кем емес өнімнің бөлшектерін өндіруге немесе тозаңдатқыш саптамасы бар құрғатқыштың ең аз түрлендіру кезінде бөлшектердің қажетті өлшемін өндіруге мүмкіндік беретін қабілеті;
3) алдын ала бөлшектемей зарарсыздандыру немесе дезинфекциялау мүмкіндігі.»;
1С350 «Мыналар секілді токсинді химиялық заттарды жасау үшін пайдалануы мүмкін» деген бөлік мынадай мазмұндағы 60, 61, 62, 63-тармақтармен толықтырылсын:
«60. Метилфосфон қышқылы (993-13-5);
61. Диэтил метилфосфаты(683-08-9);
62. N,N-диметиламинофосфорил дихлориды (677-43-0);
63. Триизопропил фосфиты(116-17-6).»;
мынадай мазмұндағы техникалық ескертпемен толықтырылсын:
«Техникалық ескертпе:
химиялық заттар Химиялық реферативтік қызметтің (CAS) атауы, нөмірі және Химиялық қаруды әзірлеуге, өндіруге, жинақтау мен қолдануға тыйым салу және оны жою туралы (егер пайдалануға келетін болса) Конвенция заттарының тізімі бойынша аталған. Сол құрылымдылық формуланың химиялық заттары (мысалы, гидраттар) CAS атауына немесе нөміріне қарамастан бақыланады. CAS нөмірлері оны ерекше химиялық зат немесе химиялық заттардың қоспасы ерекшеліктеріне қарамастан бақыланатынын сәйкестендіру үшін келтіріледі. Алайда CAS нөмірлері барлық жағдайларда бірегей сәйкестендіргіштер ретінде пайдаланылмайды, себебі аталған химикаттың кейбір нысандарында CAS нөмірлері әртүрлі және құрамында аталған химикаттар бар қоспалардың да CAS нөмірлері әртүрлі болуы мүмкін.»;
1С351 «Мыналар секілді адам және жануарлар үшін қауіпті патогендер және токсиндер:» деген бөлікте:
«Мыналар секілді осындай вирустармен әдейі жұқтырылған қоректік ортаны қоса алғанда, «оқшауланған дақылдар» нысанындағы немесе материал ретіндегі табиғи шығу тегі бар немесе өзгертілген вирустар:» деген а абзацының 31-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«31. Өкпенің және бүйректің геморрогиялық безгегін тудыратын Сеул, Добрава, Пуумала, Син Номбренің, Андес, Чапаре, Чокло, Лухо, Қара Мүйіс (Seou virus, Dobrava virus, Puumala virus, Sin Nombre virus, Andes virus, Chapare virus, Choclo virus, Lujo virus, Laguna Negravirus) вирустары;»;
«Мыналар секілді осы бактериялармен әдейі жұқтырылған қоректік ортаны қоса алғанда «оқшауланған дақылдар» нысанындағы немесе материал ретіндегі табиғи шығу тегі бар немесе өзгертілген бактериялар:» деген с абзацында:
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Клостридиальдік қалтырау, (Clostridium perfringens, Clostridium baratti, Clostridium butyricum) ауруларды тудыратын токсиндер өндіріледі;»;
мынадай мазмұндағы 16 және 17-тармақтармен толықтырылсын:
«16. Шига уыттүзуші (STEC), ішек таяқшасы (Escherichia coli), , O26, O45, O103, O104, O111, O121, O145, O157 серотиптері және Шига33 уытын түзуші басқа да серотиптер;
17. Clostridium argentinense қоздырғышы, бұрынғы ботулизм қоздырғышының G типі (Clostridium botulinum) атымен белгілі болған, ботулиндік нейротоксин түзуші штаммдар.»;
d, e, f абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
«d. WB1, WB2, WB3,WB4 түрлерінің бактериялары;
e. F1 Coccidiodes immitis және F2 Coccidiodes posadasii, переносклероспора филиппиненсис, склерофтора райссиэ вариант зиэ, синхитриум эндобитикум, тиллетиа индика, текафора солани саңырауқұлақтары;
f. Генетикалық элементтер және генетикалық түрлендірілген ағзалар:
1. Тізімге енгізілген микроағзалардың кез келгенінің патогенділігімен байланысты нуклеин қышқылдарының реттілігі бар генетикалық элементтер.
2. Тізімде көрсетілген уыттардың немесе олардың суббі

Соңғы жаңалықтар